^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 19 ақпан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда құқықтық қызмет көрсететін Орталық ашылды
04 қараша 2017

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала прокуратурасының құқықтық қызмет көрсету Орталығының ашылуына қатысты.

«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін құқықтық қызмет көрсету Орталығынан қала тұрғындары нақтылы іс бойынша өздеріне қажет барлық ақпаратты орталық операторларынан алады. Жұмыс форматы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ұқсас, келушілер алдымен ресепшеннен өтіп, кеңес алады. Содан соң өздерін толғандырған мәселе бойынша операторларға барады, олар келушілерді прокурорларға, адвокаттарға, медиаторларға және басқа да мамандарға жібереді, бұлардың барлығы тегін заңгерлік ықзмет көрсетеді.

Құқықтық қызмет Орталығының жалпы көлемі 600 шаршы метр, заманауи инженерлік- техникалық қондырғылармен жабдықталған жайлы кеңсе, мұнда электронды кезек жүйесі,«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, күту залы және басқа қажетті инфрақұрылымдар бар. Орталық қабырғалары шыныдан жасалған, ол құқыққорғау құрылымдарының ашықтықтығын, жариялылығын қамтамасыз етеді.

«Таяуда ғана біз қалада түрлі нормативті - құқықтық актілермен регламенттелмеген әрі тұрғындардың түрлі мәселелерін шешуге көмектесетін «Open Almaty» қоғамдық қабылдауын ашқан едік. «Бір терезе» қағидасы бойынша түрлі кеңсетер алуға, мемлекеттік органдарға өздерінің өтінімдерін берулеріне болады. Бұлардан өзге, қалада «Visit Almaty» туристік- ақпараттық орталық та ашылды. Қалаға келген әрбір шетелдік қонақ өзіне қажетті мәліметтерді алады және оларға түрлі кеңестер беріледі. Құқықтық қызмет көрсету Орталығының да мемлекеттік органдардың тиімділігін, ашықтығын және есепберуін жақсартудың маңызды құралына айналатындығына сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов орталықтың негізгі міндеттерін атап өтті,олар – құқық қорғау жүйесіне деген сенімділікті күшейту, бюрократтықты және әкімшілік кедергілерді жою, құқтық қызметті қолжетімді ету, құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыру.

«Орталықтың міндеті сапалы құқықтық қызмет көрсету. Орталықтың ашылуы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын ашық етеді және тұрғындардың сенімін арттырады. Әрбір алматылық құқық қорғау орталығына келген соң сапалы көмек алатынына сенімді болуы тиіс. Бізді қолдаған және орталықтың ашылуына барлық жағдайды жасаған Алматы әкімдігіне алғысымды білдіремін. Орталық қызметкерлерінің басты міндеті – сапалы қызметті қамтамасыз ету», - деді Ж.Асанов.

Бас прокурор Мемлекет бюасшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына айрықша назар аударатынын, осыған орай қазіргі кезде ведомствода барлық қылмыстық және әкімшілік процесстерді цифрлы форматқа көшіру үшін ауқымды жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Бүгінгі күні «Е-уголовное дело» арнайы бағдарламасы жасалған. Бағдарлама. Қылмыстық процесстің барлық кезеңін, қылмыстың тіркелуінен бастап жазаның орындалуына дейінгі аралықты түгел қамтиды.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді »»
16 ақпан 2018 - 16:51
Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын п...
Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді »»
16 ақпан 2018 - 15:43
Бүгін Алматыда «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі арнайы кеңес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты. Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек ЭЫДҰ стандарттарына сай қалада «Алматы-2020» бағдарламасының белсенді түрде қолға алынғанын, сонымен қатар батыстық стандарт бойынша ашық, жайлы ...
Алматыда балалар бақшасына кезекке тұру ережесіне өзгерістер енгізілді »»
15 ақпан 2018 - 15:04
2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою» жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процесстері мен оның функцияларын және бала бақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата- ана электронды цифрлы қотаңба алуы тиіс. Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір бала бақшағ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13