^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 20 ақпан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда әуежайдың жаңа ұшу және қону алаңы ашылды
01 желтоқсан 2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұшақтарды түрлі жағдайда қабылдайтын және ауа райына қарамастан аэродромның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әуежайдың жаңа ұшу және қону алаңының ашылу шарасына қатысты.

Алаңды реконструкциялау өте қысқа мерзімде, мамыр мен қараша айлары арасында атқарылды. Жеке инвестиция есебінен төсеніш ұзына бойына өзгертілді, екі жаңа жылдамдық жолы жасалды, жарық сигналының жаңа жүйесі орнатылды, электр жабдықтар толық алмасытырылды.Немістер жасаған жарық сигналының жаңа жүйесі «III B» ИКАО категроияларының талаптарына сай және ұшақтарды көрінуі шектеулі (горизонтальды көрінісі кем дегенде 75 м, вертикалды көрінісі – 0 м), кезде де қабылдай береді, соның арқасында Алматы аэродромына ауа райы еш әсер етпейді.

«Бұрын ірі тасымалдаушылар тұманның салдарынан қона алмай, 7,5 млн. долларға дейін шығынға ұшырайтын. Бұл мәселе енді шешілді. Оның үстіне, аэродромда қар тазалайтын машиналалар дайын, олар сегіз метрлі қар тазалағыштар, мұзға қарсы техникалардың 1,5 жылдық млн. литр қоры бар, сонымен бірге әуе жолақтарын мұздан қорғайтын құрғақ қоспалар – реагенттер де жеткілікті. Біздің мндетіміз сапаны арттырып, сервисті жақсарту. Әуежай қысқы навигацияға толық дайын», - деді Алматының халықаралық әуежайының президенті Айбол Бекмұхамбетов қала әкіміне.

Қайта жасалған әуе жолақтарының арқасында жұмыс тиімділігі де артып, әуе судналарын қабылдау жақсарды.Келер жылы жаңа жылдамдық жолақтары ұштасқан кезде ұшу алаңдары тез дайын болуы барысында аэродромда ұшу- қону операцияларын өткізу қабілеті сағатына 13-тен 24-ке дейін өседі.

Бүгін Алматыда әуежай маңына жақын орналасқан Б.Майлин көшесіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы көпір арқылы екі жақты көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Бұл көпірдің ұзындығы 42,6 метр, 1960 жылы салынып, апатты жағдайда болған еді. Енді ол қайта жаңғырып, іске қосылды.

Қала басшысына көпір конструкцияларын жаңарту барысында құрылыстың темірбетон қондырғыларының толық жаңарғаны, монолитті темірбетон плиткаларының орнатылғаны, көпір тіректерінің алмастырылғаны, инженерлік желілердің қайта салынғаны, асфальттың төселгендігі, басқа да жұмыстардың жүргізілгендігі баяндалды. Барьерлі және ұстайтын қоршаулар орнатылған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді »»
16 ақпан 2018 - 16:51
Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын п...
Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді »»
16 ақпан 2018 - 15:43
Бүгін Алматыда «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі арнайы кеңес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты. Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек ЭЫДҰ стандарттарына сай қалада «Алматы-2020» бағдарламасының белсенді түрде қолға алынғанын, сонымен қатар батыстық стандарт бойынша ашық, жайлы ...
Алматыда балалар бақшасына кезекке тұру ережесіне өзгерістер енгізілді »»
15 ақпан 2018 - 15:04
2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою» жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процесстері мен оның функцияларын және бала бақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата- ана электронды цифрлы қотаңба алуы тиіс. Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір бала бақшағ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13