^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 20 ақпан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді
07 желтоқсан 2017

Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді.

«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.

«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері еске түсірілді.

Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияның http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.

Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді »»
16 ақпан 2018 - 16:51
Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын п...
Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді »»
16 ақпан 2018 - 15:43
Бүгін Алматыда «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі арнайы кеңес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты. Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек ЭЫДҰ стандарттарына сай қалада «Алматы-2020» бағдарламасының белсенді түрде қолға алынғанын, сонымен қатар батыстық стандарт бойынша ашық, жайлы ...
Алматыда балалар бақшасына кезекке тұру ережесіне өзгерістер енгізілді »»
15 ақпан 2018 - 15:04
2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою» жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процесстері мен оның функцияларын және бала бақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата- ана электронды цифрлы қотаңба алуы тиіс. Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір бала бақшағ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13