^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қаңтар 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда туризмді 2020 жылға дейін дамытудың кешенді бағдарламасы жасалуда
22 желтоқсан 2017

Алматы әкімі Іскерлік Кеңестің отырысын өткізді, онда мегаполисте туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Бауыржан Байбек Алматыда 2020 жылға дейін туризмді дамытудың Кешенді бағдарламасын жасау үшін жинақталған барлық ұсыныстарды ескеруді тапсырды.

Кездесу барысында Алматы әкімі бүгінгі күні туризмнің әлемдік ІЖӨ-нің 10 пайызын құрайтынын, бұл трендтің одан әрі өсе беретінін, сондықтан «Алматы-2020» бағдарламасында туризмнің қала экономикасының әлеуетті салаларын дамытуда жаңа драйвер болатынын атап өтті.

«Қазірдің өзінде Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік қонақ Алматыда болады, дегенмен қаланың ІЖӨ-де туризмнің үлесі төмен, небәрі 1,5%-ды құрайды. Туризмді дамытуға қатысты 10 бәсекеге қабілетті және басқа елдерде жүргізілген сараптама барысында Алматыда туризмді өрістетудің драйверіне айналатын басымдықтар бар екені анықталды. Олардың арасында Ұлы Жібек жолындағы қаламыздың мың жылдық тарихын, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ескерткіштерінің қатарын, дамыған инфрақұрылым мен табиғаттың алғашқы көріністеріне жақындығын келтіруге болады. Алматы Орталық Азияның туристік астанасы болуға қабілетті», - деп атап өтті Б.Байбек.

Мәселен, алматылық турөнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі 25 ел мен қалалар рейтингі бойынша жүргізілген сараптама Қазақстан мен Алматының 22 рейтингте сенімді позицияларда тұрғанын көрсетті.

Bloom Consulting сәйкес ел танымдылығы бренді бойынша біз 193 елдің арасында 98 – ші орындамыз, ал. Doing Business рейтингінде 190 елдің ішінен 36-шы орынды иелендік, құн мен Mercer өмірінің сапасы бойынша 400 елдің ішінен 178 орынға шықтық. Бұлар жайлы өмір сүурмен қатар бизнесті жүргізуге қолайлы нормативті орта мен мүмкіндіктің бар екенін көрсетеді.

Іскерлік Кеңеске қатысушылар Алматыда туризмді дамытуға қолайлы ортаның қалыптасқанын, қала келбетінің тартымдылығын, туристік дестинацияның дамуына спорттық, этно-мәдени, медициналық және оқиғалы туризмнің оң ықпал ететінін айтты.

Дегенмен, орталықтан шешетін бірқатар мәселелер баршылық. Олардың қатарына туризм статистикасын жетілдіруді, тік бағыттар бойынша авиа билеттерін қолжетімді етуді, виза алуды оңтайландыруды және басқаларын жатқызуға болады. Басқа да бірқатар мәселелер сөз болды. Мысалы, бюджеттік орналастыру барынша танымал болғанына қарамастан, заңнамада хостел ұғымы мүлдем жоқ, бұл осы бағыттың дамуына кедергі келтіруде. Алматыда соңғы жылдары хостелдер саны екі есеге артты, 60-тан 120-ға жетті.

Іскерлік кеңес отырысының қорытындысы бойынша мегаполис әкімі тиісті басқармаларға 2020 жылға дейінгі Алматыда туризмді дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу кезінде көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды есепке алуға тапсырды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаңарды
18 қаңтар 2018 - 10:22
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты. Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын. Бүгіннен бастап «Қазахфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы алты мину...
Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды
12 қаңтар 2018 - 14:50
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары ашылды. Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарының кө өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік .Первомайка ықшам ауданын – Универсалды базарды – Құлагер елді мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Белинский көшесін қамтып,«Алматы-1&ra...
Алматы қаласының әкімі Мемлекет басшысына қаланың элеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады »»
06 қаңтар 2018 - 19:40
Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Алматының республика экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қаланың даму мәселелерін ұдайы назарда ұстайтынын айтты. – Егер қала халқы 2 миллион адамнан асса, ол экономикалық тұрғыдан өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады. Қаланың дамуы жаңа мүмкіндіктер туғызып, ша...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13