^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді
29 желтоқсан 2017

Алматының Қалақұрылысы кеңесінде екі жоба бекітілді, оларды салу барысында 5,9 га жер игеріледі, 1,5 га аймақ жасылдандырылады, 392 пәтер, 700 орынды көлік тұрағы, бір мектеп жасына балалар мекемесі бой көтереді, бұларға жұмсалатын қаржы көлемі 12,4 млрд. теңгені құрайды. Нысандарды салу кезінде 480 жұмыс орны құрылады, мектеп пен бала бақша салынатын жер учаскесі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.

Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.

Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.

Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13