^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қаңтар 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Медеуге дейін жаңа автобустар жүре бастады
05 қаңтар 2018

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» биік мұз айдынына дейін баратын жаңа автобустарды көрді.

Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардың 195–і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, тағы 200 жаңа автобус қалаға келді және олар кезеңдер бойынша жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91–і қала жолдарында.

Жалпы қаланың автобус паркінің 30%-ға жаңаруы және бағыт желісінің ұлғаюы жолаушылар легін 20,6% арттырды. Егер 2016 жылы 174,6 млн. транзакцияланса, 2017 жылы 220,1 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасые ете алмаса, интервал мен жылжымалы составты жаңарту «Алматыэлектротрансқа» беріледі. Мысалы, №70 бағытта автобустар жаңарды, интервал қысқарды, соның арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті, яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мың адамға дейін жетті. Жақында 18 метрлі автобус- гармошкалар №201 бағыты бойынша жүре бастады, ол күніне 11,6 мың адамды тасымалдауда, болжамдағы жолаушылар легі – 25 мың адам.

№12 бағыты бойынша жолға шыққан 12-метрлі төмен еденді автобустар Евро-5 экологиялық сыныпқа сай, сыйымдылығы 100 адамнан жоғары, кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен,пандустармен және басқалармен толық жабдықталған. Аталған бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС ұйымдастырған, жай күндері автобустар арасындағы интервал алты минутқа қысқарған, ал демалыс күндері екі минутқа азайған. Босаған автобустарды «Green Bus company» ЖШС №120 бағытты күшейту үшін пайдаланады, кейін бұл бағыт айналмалы болады.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылып, көліктер №201 магистральды бағыты бойынша жүре бастаған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерге толық көлік қызметін көрсету масқатында сегіз бағыт ашылған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаңарды
18 қаңтар 2018 - 10:22
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты. Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын. Бүгіннен бастап «Қазахфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы алты мину...
Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды
12 қаңтар 2018 - 14:50
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары ашылды. Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарының кө өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік .Первомайка ықшам ауданын – Универсалды базарды – Құлагер елді мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Белинский көшесін қамтып,«Алматы-1&ra...
Алматы қаласының әкімі Мемлекет басшысына қаланың элеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады »»
06 қаңтар 2018 - 19:40
Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Алматының республика экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қаланың даму мәселелерін ұдайы назарда ұстайтынын айтты. – Егер қала халқы 2 миллион адамнан асса, ол экономикалық тұрғыдан өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады. Қаланың дамуы жаңа мүмкіндіктер туғызып, ша...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13