^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласының әкімі Мемлекет басшысына қаланың элеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады
06 қаңтар 2018

Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматының республика экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қаланың даму мәселелерін ұдайы назарда ұстайтынын айтты.

– Егер қала халқы 2 миллион адамнан асса, ол экономикалық тұрғыдан өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады. Қаланың дамуы жаңа мүмкіндіктер туғызып, шағын және орта бизнестің ілгерілеуіне жол ашады. Мұндай қалалар шикізатсыз-ақ көркейіп, елімізді өркендетуге үлес қосады, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті Алматыны газбен қамту және оның экологиясын жақсарту мәселелеріне назар аударды.

– Бізге электр станциялары мен тұрғын үйлерді газбен қамту, қоғамдық және жеке автокөліктерді газбен жүргізуге көшіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Келешекте біз Алматы мен Астанада тек электромобильмен жүретін жағдайға жетуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Алматы қаласының әкімі Елбасыға қаладағы автомобильдерге арналған үлкен айналма жол құрылысының басталғанын айтып, оған 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылғанын мәлімдеді.

– Бұл жоба іске асырылған кезде қаладағы көлік кептелісін күніне 10 пайызға немесе 40-60 мың автомобильге азайтуға мүмкіндік береді. Ол қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, Алматының көлік-логистика желісін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жүйесіне қосатын болады, – деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар кездесу барысында өнеркәсіп кәсіпорындарын қала сыртына көшіру мәселелері қарастырылып, азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде Алматы қаласы әкімдігі атқарып жатқан шаралар талқыланды.

– Биыл 6 мыңға жуық жалдамалы пәтер, оның ішінде Атлеттер қалашығынан 1748 пәтер берілді. Осылайша, кезекте тұрған әрбір үшінші отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, – деді қала әкімі.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Алматы экономикасының өсімі жыл қорытындысы бойынша 3 пайыздан жоғары болады деп болжанып отыр.

Өнеркәсіп, құрылыс, инвестиция көлемінің, шағын және орта бизнес субъектілері санының өсімі 3 пайыздан, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 2 пайыздан асады. Шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнімнің көлемі 20,7 пайызға өсті.

Республикалық бюджетке өткен жылмен салыстырғанда 6 пайыздан астам (1,3 триллион теңге), жергілікті бюджетке 10 пайыздан астам (372 миллиард теңге) салық жиналды.

Бюджеттің 99,5 пайызы игеріліп, үнемделген қаражат 1,5 миллиард теңге болды.

Дағдарысқа қарсы үкіметтік бағдарламалар мен жергілікті шараларды іске асыру нәтижесінде 45 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Қаланың автобус паркі 2017 жылы 30 пайызға жаңартылып, 500 жаңа автобус сатып алынды.

Сәулет, қала құрылысы және Алматы қаласының бас жоспарын әзірлеу мәселелері жөніндегі «АлматыБасЖоспары» ғылыми-зерттеу институты құрылды.

Үкіметпен бірлесе отырып, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағын коммуналдық меншікке беру үдерісі басталды.

«Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесе отырып, ЖЭО-2 нысанын газға көшіру мәселесі қарастырылуда.

Халықаралық әуежайды кеңейту және жаңғырту үшін 3В жаңа ұшу-қону жолағы салынып, VIP терминал салу мақсатымен ескі ғимараттар бұзылды, сондай-ақ жаңа ғимараттың эскизі әзірленуде.

Студенттер тұратын 93 жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жақсартылды. Бүгінде 2 мың орынға арналған 4 жатақхананың құрылысы аяқталуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13