^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті
14 ақпан 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.

Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.

Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.

Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады »»
14 желтоқсан 2018 - 19:37
Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сай мегаполис әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды. «Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілік...
Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды »»
14 желтоқсан 2018 - 18:23
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықта...
Алматы полициясы автокөлікпен және электронды хаттама толтыру үшін планшеттермен толық қамтамасыз етілді »»
14 желтоқсан 2018 - 16:54
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірісте шығарылған әрі газбен жұмыс істейтін 70 жаңа автомобильдерді көрді. Қазіргі кезде қала полициясының автопаркі көлікпен толық қамтылған, ал бұл ведомстваның жедел жұмысына оң ықпалын тигізетін болады. Қала полициясының бастығы Серік Күдебаев өзінің сөзінде әр автомобильдің GPS-навигаторымен және видео-аудио фиксациялармен жабдықталғанын айтты. Бұдан өзге, барлық жол-патруль қызметі планшеттермен және төскеуделік видеорегистраторлармен қамт...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13