^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Бауыржан Байбек Алматыда «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының» қалай жүзеге асатынын айтты
07 наурыз 2018

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесу барысында Мемлекет басшысының ауқымды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда мегаполисте атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

Ол өзінің сөзінде Мемлекет басшысының елді модернизациялау бастамасы кешенді сипат алатынын және барлық салаларды қамтитынын атап өтті. Мысалы, конституциялық реформа билік тармақтарының нақтылы балансын белгіледі әрі жергілікті өзін - өзі басқарудың дамуына жаңа серпіліс берді. Елімізде экономикалық модернизациялау және цифрландыру бойынша қомақты жұмыстар жүруде. Өз кезегінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы руханилықтың, ұлттық сананың жаңаруын қамтамасыз етті, олар ашықтық, прагматизм, білім мәдениеті, бәсекелестік принциптеріне негізделді.

«Елбасы жобалары - үнемі халықтың бұдан былайғы тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған әрі нақты, қажетті ресурстармен негізделген бағдарлама. Бес әлеуметтік бастама - Президенттің салиқалы саясатының бірі және адамға деген шынайы қамқорлықтың нақтылы көрінісі. Біздің міндетіміз аталған тапсырмаларды жедел орындауға кірісу және әрбір алматылықтың осынау ауқымды әлеуметтік жобалардың оң нәтижесін көрулеріне ықпал ету. Ол үшін бізде барлық ресурстар бар»,- деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі мегаполис тұрғындарының саны жыл сайын артып келе жатқанын, сондықтан қолжетімді баспана салу қала билігінің негізгі міндеті екенін жеткізді. 2017 жылы құрылыс қарқыны 4 есе өсті, Алматыда кезекте тұрған әрбір үшінші адам пәтер алды. 1,9 млн. кв.м тұрғын үй немесе 16,5 мың жаңа пәтер салынды. Айта кетерлігі, алдағы уақытта тағы да 1,5 млн. кв.м тұрғын үй немесе 17 мыңнан астам пәтер салынады. Бұлардан өзге «Алматы жастары» әлеуметтік бағдарламасын орындау үшін жергілікті бюджеттен биыл 2 млрд. теңге бөлінеді. Бағдарламаға қатысатын жас отбасылар алғашқы жарнаны төлемей- ақ 5% -дық тұрғын үй несиесін алады.

Мегаполис басшысы бүгінгі күні Алматыда 50 мыңнан астам студенттердің жатақханаға зәру екенін айтты. Осыған орай, өткен жылы 2 мың орынды 4 жатақхана салынды, ал 2020 жылға дейін тағы да 20 жатақхана салу жоспарланған.

Бүгінгі күні мегаполисте 27 мыңнан астам жас колледждерде тегін білім алуда.Елбасы тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап бала бақша ақысы бюджет есебінен 2,5 есе азайды. Тұрғын үй бойынша 2 мыңнан астам қала тұрғындары әлеуметтік көмек алуда. Қала әкімдігі коммуналдық қызмет тарифтерін субсидиялауда. 2015 жылдан тарифтерді ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, ал желілерді модернизациялауға 100 млрд астам қаржы аударылды.

Бауыржан Байбек қала активімен кездесу барысында жеке сектордың жыл аяғына дейін толық газдандырылатынын, 2021 жылы Алматы агломерация аумағындағы 4 мың жеке үйлердің газға қосылатынын жеткізді. Елбасының тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, энергетика министрлігінің есебі бойынша соның арқасында ТЭЦ-тің аауға шығаратын залалы 30 есе азаяды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы Әуезов ауданының жаңа әкімі тағайындалды »»
26 қыркүйек 2018 - 14:26
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Әуезов ауданының әкімі болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды. Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп комитетінде қызмет атқарған. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит Қызметінің басшысы болған. 2015 жылы Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 20...
Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды
25 қыркүйек 2018 - 17:23
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданының әкімі атанды. Алматы әкімдігінде оларды таныстыру кезінде Бауыржан Байбек аудандардың тағайындалған әкімдерінің қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын жақсы білетіндіктерін атап өтті. Олардың алдына принципті және тұрақты қадағалауды талап ететін бірінші кезектегі мінд...
Алматы әкімі Бенин Республикасы Абоме-Калави қаласының мэрімен кездесті »»
25 қыркүйек 2018 - 15:52
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бенин Республикасының экономикалық орталығы болып табылатын Абоме-Калави қаласының мэрі Жорж Бадамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және қалаларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Мегаполис әкімі географиялық қашықтықта қатысты Алматы мен Бенин арасындағы экономикалық байланыстың шектеулі екенін, алайда мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтті. Жыл сайын қалада халықаралық көлемде Spirit of Tengri, ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13