^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі ҚІСО «Атакенттің» жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды
12 сәуір 2018

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазақстандық іскерлік серіктестік орталығы «Атакент» пен оның айналасын аралап көрді. Мегаполис басшысы басқарушы компанияның аймақты дамыту жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тиісті басқармаларға жалға беру келісімін бұзу және жерді қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселе көтеруді тапсырды.

«Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақтты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналар және басқаларын қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және ҚІСО «Атакент» аумағына көліктің кіруіне тыйым салынады.

Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда мыңдаған қалалықтар мен мегаполис қонақтары Наурыз мейрамын мерекелеуде »»
22 наурыз 2019 - 17:33
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу кең ауқымда өтуде. Қаланың барлық сегіз аудандарында мерекелік шаралар қанат жайған, «Астана» алаңы, Жібек жолы мен Панфилов көшелері, Almaty Arena, Halyk Arena, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені, «Атакент» алдындағы алаң және басқалары халық көп жиналатын мерекелік тартылыс орындарына айналған. Қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың Қазақстанда достықты, өзара құрмет пен келісі...
Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13