^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Керуен-Medicus» медицина орталығының жұмысымен танысты
06 мамыр 2018

Мемлекет басшысы медицина орталығының қызметімен танысып, клиника ұжымымен әңгімелесті.

– Дәрігер емделушіге қамқорлықпен қарап, әсіресе, аналарды босандырғанда өзінің мейірімін дарыта білуі қажет. Бүкіл Қазақстан бойынша заманауи құралдармен жабдықталған көптеген медициналық орталықтар салынды. Дәрігер – ең ұлы мамандық екенін әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге табыс тілеймін! – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина техникаларын өндіруші Siemens, Karl Storz, General Electric, Drager, Hamilton және басқа да жетекші компаниялар ұсынған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар көрсетілді.   

«Керуен-Medicus» жаңа ғимараты 2017 жылы салынды. Оның жалпы көлемі – 10 мың шаршы метр. Клиникада нақты уақыт режімінде 3D-форматындағы күрделі операциялар жасалады. Медициналық орталық Кореяның Severance Hospital, Германияның Freiburg University Klinik, Сеул ұлттық университетінің Бундан клиникаларымен, сондай-ақ Еуропаның жетекші клиникаларының өкілі – Puls Global компаниясымен кадр даярлау жөнінде ынтымақтастық орнатқан.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі Ресейдің, Өзбекстанның, Франция мен Оңтүстік Кореяның бас консулдарымен кездесті »»
22 қаңтар 2019 - 17:17
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ресейдің, Өзбекстанның, Франция мен Оңтүстік Кореяның бас консулдарымен екіжақты бірқатар кездесулер өткізді. Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобровпен кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Ежелден Ресей Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қалалары мэриялары арасында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орныққан...
Алматы агломерациясының тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды »»
21 қаңтар 2019 - 14:24
Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның «Master Concept» компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады. Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады, оның ішінде Турген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең. «Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірд...
Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады »»
18 қаңтар 2019 - 13:32
Мұндай хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс. Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар жүре бастады.BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, б...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13