^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 27 мамыр 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерін мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады
09 мамыр 2018

Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіш Әбдірайымовты мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады.

Әдіш атаның өзі айтқандай, ол 1918 жылы 9 мамырда туылған. 1938 жылы Харьков фармацевтика институтына түседі, ал 1941 жылы Оңтүстік-Шығыс майданы 173-ші атқыштар дивизиясының жауынгері атанады.

Бергедорфтегі тұтқындық және Нойенгамме концлагеріндегі қиыншылықты бастан өткерген Әдіш Әбдірайымов үйіне тек 1947 жылы оралады.

1952 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін «биолог» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Оқудан соң тәжірибе станциясының зертхана меңгерушісі болады және Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Мақтарал ауданында мақтаның жаңа сорттарын шығарумен айналысады.

Бүгінгі күні Әдіш атаның төрт баласы, үш немересі және бір шөбересі бар.

«Мен барлықтарыңызды бүгінгі ерекше мерекемен құттықтаймын. Жер бетіндегі барлық адамдарға денсаулық, бақыт және өзара түсіністік тілеймін. Ең бастысы – аспанымыз ашық, адамдар бақытты ғұмыр кешуде. Қазіргі кезде Елбасымен бірге біздің халқымыз өзара достық пен келісімде бейбіт өмір сүруде. Қазақстан әрқашан гүлдене берсін, сіздердің ұрпақ соғыс пен оның зардабын ешқашан көрмесін және тартпасын», - деп атап өтті Әдіш Әбдірайымов.

Еске салсақ. бүгін Алматыда Мемлекет басшысы құрметті қарауылмен бірге Даңқ Мемориалы жанындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды және бір минуттік үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алды.Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесті, олардың арасында Әдіш Әбдірайымов та болды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша Жол картасы қабылданды »»
25 мамыр 2018 - 17:35
Қоғамдық кеңестің кеңйтілген отырысы барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев Қазақстандағы алғашқы «Белсенді мегаполис» атты біріккен Жол картасына қолдарын қойды. Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды. Аталған құжатты қабылдау азаматтық қоғам, дін салалары мен жастар арасында үздік практиктерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың формаларын мен механизмдер...
Алматы мен әзірбайжандық Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін »»
25 мамыр 2018 - 15:31
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Али Гасановпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Екі жақты байланысты нығайту мақсатында әзірбайжандық тарап Алматы мен Гянджаны бауырлас қалаларға айналдыруды, сонымен қатар мегаполисте Әзірбайжанның сауда үйін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Кездесу барысында Али Гасанов қала басшылығы мен Әл-Фарабаи атындағы ҚҰМУ-не Әзірбайжан тарихы мен мәдениетінің...
Европалық компаниялар Алматының көлік реформасына қатысуға ниет білдірді »»
25 мамыр 2018 - 13:21
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Европалық реконструкция мен даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесі. Тараптар мегаполистегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бүгінгі күні ЕРДБ экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда еліміздің жетекші қаржы серіктесі болып табылады. Юрген Ригтеринк өзінің сөзінде ЖРК және ТЭЦ-2 газдандыру сынды жобалардың банктің әлеуметтік және экономикалық бағыттағы стандарттарына сай келетінін айтты...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13