^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Катардың ірі девелопері Алматыға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеуде
10 мамыр 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері Ассоциациясының төрағасы, «Фейсал Холдинг» компаниясының басқарма басшысы Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Танимен кездесті. Тараптар мейманхана бизнесі саласындағы екіжақты инвестициялық байланысты дамыту, туризм, құрылыс және басқа да мәселелерді талқылады.

«Al Faisal Holding» - Катардың ірі жеке холдингі, ел экономикасын дамытуда басты рөл атқарады және Таяу Шығыстағы жетекші коммерциялық құрылым болып табылады.

Катар делегациясы Алматының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен, туризм саласына, инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалармен, Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен Арнайы экономикалық аймақтың әлеуеттерімен танысты.

«Алматы жедел дамып келе жатқан мегаполис, мұнда инвестиция үшін мүмкіндіктер үлкен. Қала тау етегіне орналасқан, ғажап климат, ерекше мәдениет, сондықтан біз үшін туризм мен жылжымайтын мүлік саласы қызығушылық туғызады. Алматыдан соң біз әріптестерімізбен бірге Астанаға барамыз, сапар қорытындысынан соң нақтылы келісімдерге қолжеткіземіз деген сенімдеміз», - деп атап өтті Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Тани.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13