^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдады
31 мамыр 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Мегаполис басшысымен кездесу кезінде Бостандық ауданының тұрғыны Надежда Ерольская «Южный» саябағының жанынан көпқабатты тұрғын кешенін салу туралы мәселе көтерді. Кездесуге қатысқан «Тurkuaz Invest» компаниясының бас директоры Зеки Пилге бұл жердің жеке меншіктікі екенін, сондықтан бір үйден 100 тұрғынның қолын жинау процедурасының жүргізілгенін айтты.

Тараптарды тыңдаған Бауыржан Байбек саябаққа жақын орналасқан үйлер тұрғындарының барлығының пікірін ескеру қажеттігін атап өтті. Бұрын ол саябақты жөндеу жобасына аудан тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып түзетулер енгізуді тапсырған еді.

«Сіздер қоғамдық тыңдаулар өткізіп, содан кейін ғана заңға сәйкес жақын орналасқан үйлер тұрғындарының басым көпшілігінің рұқсатын алуға тиіссіздер. «Нұр Отан» партиясының Доктринасында Заңның үстемдігі – әділетті қоғамның негізі және барлығы үшін мүмкіндіктердің бірдей болуы атап көрсетілген. 400-ден астам тұрғын әкімдікке, партияға ашық хат жазып, өздерінің келіспейтіндіктерін білдірген еді. Сондықтан 10 күн мерзім ішінде қалалықтар өтініш білдірген «Нұр Отанның» алаңында қоғамдық тыңдау өткізіп, заң жүзінде шешім қабылдаған жөн», - деді мегаполис басшысы.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов бұл мәселе бойынша Қалақұрылысы кеңесі шешімінің кейінге шегеру жөнінде сипат алғанын, өйткені құрылысты жүргізуші бір үй тұрғындарының ғана келісімін алып, қоғамдық тыңдауды талапқа сай өткізбегенін айтты. Бұдан өзге, 2017 жылы Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі Басқарма аталған аумақтың ұзақ уақыт пайдаланылмауы салдарынан бұл учаскеге шектеу қойған болатын.

Алматы әкімдігінің «Сайран» автовокзалы мен қалалық ипподромды тарихи ескерткіштердің алдын - ала жасалған тізіміне енгізгені белгілі болды. Бұлардан өзге, ҚІЫО «Атакенттің» басқарушы» компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жер учаскесін тегін қайтару туралы міндеттеме қабылдады. Бұрын Алматы әкімдігі 23 гектар жерді уақытша жалға беру туралы келісімнің күшін жойған еді. Дегенмен, көрме кешенінің басшылығы «Қалалар жаяу жүргіншілер үшін» концепциясына сай аймақты көріктендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Қала әкімінің жеке қабылдауы кезінде Малика Ташпултованың Қазақстан халықтары Ассамблеясының соңғы сессиясында жалғыз басты және көпбалалы аналар жұмыс істейтін өзінің жеке наубайханасын ашқысы келетін ұсынысы қаралды. Өтінім беруші тиісті бизнес - жоспарын жасаған соң Кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы мемлекеттік қолдаудың шаралары аясында көмек көрсететін болады.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері қарай қалада 12,3 мың жұмыссыз бен өз бетінше әрекет етуші жұмыспен қамтылды, олардың 40% -ы әйелдер. Жыл аяғына дейін тағы 32 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады.

«Нұр Отан» алаңында Наурызбай ауданының тұрғыны Бибігүл Ходжанованың №192 жалпыбілім беретін мектептің жаяу өтпелі жолы маңынан жарықдиодты жарық көзін орнату мен «дыбысты жолақтар» жасау жөніндегі ұсынысы дұрыс шешімін тапты.

Жалпы, соңғы жылдары 105 жаяу өтпелі жолдар ретке келтірілді, 49 км жаңа жарық көздерінің желілері тартылды, 33,6 мың шырақ пен 5,5 мың бағана ауыстырылды. Биылғы жылы тағы 80 км жаңа желі тартылады.

Бауыржан Байбек алматылық Алишер Мамедалиевтің рұқсатсыз көлік тұрақтарының жұмысы жөніндегі шағымын да қарады. Шағымданушы №5 қалалық клиникалық аурухананың оңтүстігіне қарай ақылы көлік тұрағының жұмыс істейтінін, мұнда белгісіз жандардың көлік тұрағының ақысын қолма-қол жинап алып, фискальды чектерді бермейтінін айтты.

Алматы әкімі жеке қабылдауы барысында Алатау ауданының тұрғыны Айгүл Тажиеваның үй ауласындағы дренажды жүйенің қанағаттанғысыз екендігіне алаңдаушылық білдіретінін тыңдап, тиісті басқармаларға өтінімді кешенді қарауды тапсырды.

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда қалада 732 аула, 185 үй, 222 лифт жөндеуден өтті. Жыл аяғына дейін абаттандырылған аулалар санын 37%-ға жеткізу немесе олардың жалпы санының ішінен 1400 ауланы жөндеу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды
25 қыркүйек 2018 - 17:23
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданының әкімі атанды. Алматы әкімдігінде оларды таныстыру кезінде Бауыржан Байбек аудандардың тағайындалған әкімдерінің қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын жақсы білетіндіктерін атап өтті. Олардың алдына принципті және тұрақты қадағалауды талап ететін бірінші кезектегі мінд...
Алматы әкімі Бенин Республикасы Абоме-Калави қаласының мэрімен кездесті »»
25 қыркүйек 2018 - 15:52
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бенин Республикасының экономикалық орталығы болып табылатын Абоме-Калави қаласының мэрі Жорж Бадамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және қалаларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Мегаполис әкімі географиялық қашықтықта қатысты Алматы мен Бенин арасындағы экономикалық байланыстың шектеулі екенін, алайда мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтті. Жыл сайын қалада халықаралық көлемде Spirit of Tengri, ...
Алматы әкімі «Сайран» өзенінің айналасын абаттандыруды одан әрі жалғастыруды тапсырды »»
25 қыркүйек 2018 - 13:04
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» өзенінің айналасын аралап көрді және келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды. Биылғы жылы су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді. Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды, воркаут-...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13