^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 маусым 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының адамдар тығыз орналасқан аудандарын жүрдек автобус дәлізі қамтитын болады
07 маусым 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде мегаполистің көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымының құрылыс қарқынын тексерді. Бірнеше сағат ішінде қала басшысы Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов және Тимирязев көшелерін аралап шықты.

Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесінің бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысының сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада «Атакенттің» кіре беріс аркаларының алаңдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердің назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерінің бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.

Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерінің бойында BRT желілерінің қозғалыс бөлігін кеңейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудың кешенді жүргізілуі, заңсыз құрылыстардың, қоршаулардың алынуы, нысандардың сыртқы келбетінің бірыңғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаңдардың азайып, жасылдандырудың артуы тиіс екенін атап өтті.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов BRT дәлізінің адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымның ұзындығы 2,7 км болатын жерінің қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20%-ға артып, жолға кететін уақыт 30%-ға қысқарған.

«Қазіргі кезде кіші айналма жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеңеюде. Қаланың барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз», - деді Т.Хосчанов.

Бірініші фаза бағытының ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.

Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын бағыттың екінші фазасының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан – Төле би – ВОАД – Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.

Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.

Еске салсақі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады »»
23 маусым 2018 - 20:53
Алматыда Полиция күні мен Мемлекетік қызметкер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды сахнадан артистер мен отандық эстрада жұлдыздары: қаланың ІІД-нің оркестрі, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт пен Аиша, «ILCANTO» квартеті, Әли Оқапов, Жәмилә Серкебаева, «Азия» және «Асыл» топтары, Ұлан Әубәкіров, Қайрат Игіліков және басқалары құттықтады. Салтанатты шара барысында қала әкімі үздік мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау қызметкерлерін алғы...
Алматыда халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» фестивалі өтуде »»
23 маусым 2018 - 19:47
Алатаудың көркем етегіндегі «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтуде, оған Қазақстанның, Венгрияның, Монғолияның, Украинаның, Башқұрстанның, Тывы мен Дағыстанның, Якутияның, Алтайдың, Қалмыкия мен Бурятияның, Қырғызстанның және басқаларының өкілдері қатысуда. Екі күн бойына фестиваль қонақтары кәсіби бүркітшілердің, шабандоз жігіттер мен көкпаршылардың, садақ атушылардың, палуандардың жекпе- жегін, ат үст...
«Көк-жайлау» шатқалындағы жер мемлекетке қайтарылады »»
22 маусым 2018 - 16:47
«Көкжайлауды» дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында «Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің директоры Наиль Нуров жыл бойына жұмыс жасайтын тау курортын жасауға байланысты оның аумағына сараптама жүргізгенде 2002 жылы 5 гектардың жердің жеке меншікке берілгені анықталғанан айтты. Мемлекеттік жер кадастрының автоматты ақпараттық жүйесінің мәліметіне сай 5 гектар жердің Алматы облысы аумағында орналасқаны және оның 2002 жылы жеке меншікке берілгені көрсетілген. 2014 жылы Алматы қаласы шека...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13