^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 16 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі мен ЮНИСЕФ балалар мен қала жастарын қолдау туралы меморандумға қол қойды
08 маусым 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Біріккен Ұлттар Ұйымы ЮНИСЕФ балалар қорының Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный балалар мен қала жастарын білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында қолдау туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын анықтады, соның ішінде балалардың жағдайын мониторинг жүйесі арқылы біліп отыру, зорлыққа ұшыраған немесе куәгер болған балаларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, балар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және басқалары.

Универсалды - прогрессивті модель аясында 5 жасқа дейінгі балаларға патронаждық қолдау бойынша медициналық - әлеуметтік қызметті кешенді түрде көрсетуді ұйымдастыру жоспарланған. Өзгеше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті шаралар қабылданады.

«Біріккен бұл игі қадамның балалар құқығын қорғау саласының жұмысын жандандыруға, Алматыда әр бала үшін жақсы жағдайды бірдей жасауға мүмкіндік беретініне, өскелең жас ұрпақтың жан - жақты дамуын қамтамасыз ететініне сенімдімін», - деді Бауыржан Байбек.

Қол қойылған меморандум аясында Алматы әкімдігі мен и ЮНИСЕФ жастардың ресурстық орталықтары мен жастар денсаулықтары орталықтарының әлеуеттерін нығайтуға, сонымен қатар өмірлік қиын жағдай туа қалса балаларды әлеуметтік қорғаудың аясын кеңейтуге уағдаласты.

«Ең маңыздысы, Алматыда жүргізіліп жатқан жұмыстар түпкі нәтижеге бағытталған және біздің ұйымның философиясына толығымен сай», - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный.

Бүгінгі күні қалада 400 мыңнан астам бала және 700 мыңнан жоғары 35 жасқа дейінгі жас азаматтар өмір сүруде. Еліміздің ең ірі мегаполисі ретінде Алматыда балалар құқығын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясат жарқын көрініс тапқан.

Өткен жылдан бастап «2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда, ол өскелең жас ұрпақтың жан- жақты жетілуіне, мегаполистегі өмірге тез арада бейімделуіне ойдағыдай ықпал етуде. Мұнда жас мамандарды жұмысқа орналастырудың, жас отбасылардың пәтер алуының, студенттік жатақханалар салудың нақтылы шаралары қарастырылған.

Жетімдер мен ата- аналарының қарауынсыз қалған балалар үшін өмірлік барлық жағдайлар жасалуда. Тұрмысы төмен жанұялардың оқушыларына көмек көрсету мақсатында 2018 жылы жергілікті бюджеттен 771,5 млн. теңге қарастырылған.

Ерекше күтімді қаже ететін балаларға баса назар аударылуда. Қаланың 115 мектебінде инклюзивті оқыту ұйымдастырылған, 10 заманауи инклюзивті балалар алаңдары салынған.

Өткен жылдан бері «Бала болашақпен бірге» атты дельфиндік терапияның пилотты жобасы қолға алынған. Биылғы жалдан бастап «Ерте араласу» атты әлеуметтік қызмет жұмысын бастады, олар 3 жасқа дейінгі әлсіз балаларға көмек пен қолдау көрсетуде. Мұндай заманауи, кешенді және тұрақты сауықтыру шараларының тиімділігі 90%-ға дейін артып, мүгедектіктің алдын алуға ықпал етуде.

Соңғы үш жылда 12 мың орынды 350 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды. ҮЕҰ мен бірге балалар үйлерін отбасы мен балаларды қорғау Орталықтарына айналдыру аясында №1 балалар үйінің базасында пилотты жоба жүзеге асуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды »»
16 желтоқсан 2018 - 11:57
Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды. Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті. ...
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады »»
14 желтоқсан 2018 - 19:37
Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сай мегаполис әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды. «Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілік...
Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды »»
14 желтоқсан 2018 - 18:23
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықта...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13