^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыға Франция «Цифрлы күзді» әкеледі
14 маусым 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Франция Ұлттық ассамблеясының депутаты, «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Пьер Кабаремен кездесті. Тараптар мәдени - гуманитарлық байланыстарды, соның ішінде білім беру және туристік кластерді дамыту тәжірибесін алмасу бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары екі ел арасында барлық бағыттар спектерлері бойынша серіктестік қатынастары орнықты. Бүгінгі күні Алматыда француз капиталымен сауда, тамақ өнеркәсібі, көлік пен телекоммуникация салалары бойынша 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 13%-ға өсіп, оң динамика қалыптасты. Бұлардан өзге, мегаполисте Франция мәдениеті мен өнеріне қатысты түрлі шаралар қала тұрғындары арасында жиі өтіп тұрады.

Кездесу барысында Пьер Кабаре екі мемлекет пен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең алдымен сенім мен достыққа негізделгенін атап өтті.

«Бұл менің Алматыға алғаш келуім, байқағаным қала заманауи трендтер мен жаңа технологиялар акценті бойынша даму үстінде екен. Таулардың тым жақын орналасуы - Алматының туристік тартымдылығының таптырмас артықшылығы. Осы бағытты дамытуда француз компанияларының тәжрибесі мол, ал бұл екі жақты байланысты одан әрі нығайтудың тағы бір саласы», - деді Ұлттық ассамблея депутаты.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Алматыда «Альянс Франсэз» өкілдігі бар. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетте Орта Азиядағы алғашқы «Сорбонна-Қазақстан» институты жұмыс істеуде. 2016 жылы Франция астанасы Парижде ЮНЕСКО аясында Алматының 1000 жылдығы мерекеленді. Алматы мен Ренн қалалары бауырластығының 25 жылдығы құрметіне француз қаласында Абайдың бюсті ашылды. Алматыда күзде «Цифрлы күз» фестивалін өткізу жсопарланған, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары цифрлы технологиялар арқылы француз мәдениетімен және өнерімен танысатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды
25 қыркүйек 2018 - 17:23
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданының әкімі атанды. Алматы әкімдігінде оларды таныстыру кезінде Бауыржан Байбек аудандардың тағайындалған әкімдерінің қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын жақсы білетіндіктерін атап өтті. Олардың алдына принципті және тұрақты қадағалауды талап ететін бірінші кезектегі мінд...
Алматы әкімі Бенин Республикасы Абоме-Калави қаласының мэрімен кездесті »»
25 қыркүйек 2018 - 15:52
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бенин Республикасының экономикалық орталығы болып табылатын Абоме-Калави қаласының мэрі Жорж Бадамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және қалаларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Мегаполис әкімі географиялық қашықтықта қатысты Алматы мен Бенин арасындағы экономикалық байланыстың шектеулі екенін, алайда мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтті. Жыл сайын қалада халықаралық көлемде Spirit of Tengri, ...
Алматы әкімі «Сайран» өзенінің айналасын абаттандыруды одан әрі жалғастыруды тапсырды »»
25 қыркүйек 2018 - 13:04
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» өзенінің айналасын аралап көрді және келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды. Биылғы жылы су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді. Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды, воркаут-...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13