^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 16 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тағы бір жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады
28 маусым 2018

Алматыда ашық аспан астында сақ мәдениетінің музейі пайда болады. Алматы әкімдігі мен екінші деңгейлі бір банк арасында Розыбакиев-Штраус-Ескараев-Радостовец көшелері қиылысындағы 2,7 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі келісімге қолжеткізілді.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында сақ қорғаны орналасқан аумақта жаңа мәдени орталық құру жоспарланған. Ашық аспан астындағы музей келушілерді Қазақстан жерін мекендеген ертедегі көшпенділердің бай тарихымен таныстырып, қаланың жаңа туристік көрнекі орнына айналады.

Жоба барысында біздің эрамызға дейінгі V ғасырда пайда болған жартылай қираған қорғанды, тас қоршауларды, оның жоғары жағындағы сақиналарды қалпына келтіру жоспарланған. Архитектуралық ескерткіштің іш жағында сақталған артефактары бар бөлмелер, ертедегі көшпенділердің тарихы мен мәдениетін паш ететін географиялық кино көрсететін аудиовизуалды залдар болады.

Еске салсақ, бұрын Алматы әкімдігінде ел Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға орай кеңес өтіп, онда Розыбакиев көшесі бойындағы «Мега» сауда орталығы маңынан табылған сақ ескерткішінің орнына ашық аспан астындағы музей салу жөнінде ұсыныс айтылған еді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл ұсынысты қолдап, жерді мемлекет меншігіне қайтарудың механизмін ойластыруды тапсырған болатын.

«Мен жерді меншіктеген жандар өз тарихымызды біледі және құрметтейді деп ойлаймын. Біз кейде тарихымыздың жойылып бара жатқанын да байқаймыз, ал бұл орны толмас рухани, мәдени және экономикалық зиян шектіреді. Әрине, асфальт төсеп, бірдеңені орнатуға болады, бірақ қалаға қайтарса, пайда зор болатыны анық», – деп еді сонда Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, күні кеше ғана белгілі болғанындай, «TURKUAZ GROUP OF COMPANIES» компаниясы өз еркімен «Южный» саябағында тұрғын үй кешенін салатын жер учаскесін мемлекет пайдасына қайтарды.

Бұрын әкімдіктің қаулысымен Қазақстанның «Атакент» іскерлік орталығымен 23 гектар жерді уақытша жалға беру келісімінің күші жойылды. Кейін басқарушы компания жеке меншіктегі тағы да сегіз гектар жерді тегін қайтару жөнінде міндеттеме қабылдады.

Алматыда осы апта ішінде қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру басталды. Жүргізілген мониторинг барысында 2,5 гектар жерді өз беттерінше басып алғандар анықталды. Мегаполис басшысы заңға сүйене отырып, басып алған бауды қайтаруды және жасылдандыру жүргізуді тапсырды.

Бұлардан өзге, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран"автовокзалын тарихи-мәдени мұраның алдын-ала жасалған тізіміне енгізді. Осы сәттен бастап ғимараттың сыртқы келбетін өзгертуге, ішін қайта жоспарлауға, мақсатты пайдаланылуын ауыстыруға, қорғалатын аймақты бұзуға тыйым салынады. Ғимаратты жаңарту және жөндеу жұмыстарының барлығы өкілетті органның келісімімен ғана жасалады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды »»
16 желтоқсан 2018 - 11:57
Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды. Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті. ...
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады »»
14 желтоқсан 2018 - 19:37
Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сай мегаполис әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды. «Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілік...
Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды »»
14 желтоқсан 2018 - 18:23
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықта...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13