^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Ұлттық Домбыра күні қалай аталып өтеді
28 маусым 2018

Мерекелік шаралар 1 шілдеде сағат 11.00 ден 21.00 аралығында Панфилов, Жібек жолы көшелерінің бойы мен Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде өтеді.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін сурет салудан, түрлі бұйымдарды жасаудан, домбыра тартуды үйренуден шеберлік-сыныптары өтіп, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының, дәстүрлі музыка орындаушыларының фртокөрмелері ұйымдастырылады, домбыра тартудан конкурс өтеді, музыкалық викториналар мен күй шертетін домбырашылардың концерті болады. Ең ікшкентай қонақтарды арнайы көңіл көтеретін шаралар күтуде.

«Біз Алматы тұрғындары мен қонақтарын жалпықалалық флешмобқа қатысуға шақырамыз, бұл шара сағат 11.00-де Панфилов пен Жібек жолы көшелерінің бойында өтеді. Оған қатысу үшін өз домбыраларымен келіп, таланттарын көрсетуге болады. Домбырамен келген қонақтар үшін конкурстар ұйымдастырылып, сыйлықтар беріледі»-, деді шараны ұйымдастырушылар.

Жібек жолы көшесінде сағат 12.00-де Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» және басқа да шығармаларды орындайтын 500 домбырашыдан құралған флешмоб ұйымдастырылады. Бұлардан өзге мұнда ашық аспан астында«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің және дәстүрлі әндер орындаушыларының концерті өтеді.

Панфилов көшесінде домбырамен дәстүрлі әндерді орындайтын атақты әншілердің фотокөрмесі болады.

Салтанатты шара Ықылас атындағы халық аспаптраы музейінің ғимаратын декоративті жарықпен нұрландырумен аяқталады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда мыңдаған қалалықтар мен мегаполис қонақтары Наурыз мейрамын мерекелеуде »»
22 наурыз 2019 - 17:33
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу кең ауқымда өтуде. Қаланың барлық сегіз аудандарында мерекелік шаралар қанат жайған, «Астана» алаңы, Жібек жолы мен Панфилов көшелері, Almaty Arena, Halyk Arena, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені, «Атакент» алдындағы алаң және басқалары халық көп жиналатын мерекелік тартылыс орындарына айналған. Қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың Қазақстанда достықты, өзара құрмет пен келісі...
Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13