^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Корея Республикасының Елшісімен кездесті
29 маусым 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Киммен кездесті. Тараптар сауда- экномикалық байланыстарды нығайту, инновация мен ІТ–технология саласындағы ынтымақтастықты күшейту және қаланы цифрландыру жөніндегі «Smart Almaty» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Тәуелсіздік жылдары барлық бағыттар бойынша достық және серіктестік қатынас қалыптасты. Қазіргі кезде Корея Республикасы Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестіктерінің қатарында. Соңғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Қалада оңтүстіккореялық капиталмен сауда, медицина, құрылыс пен телекоммуникация салаларында 287 кәсіпорындар жұмыс істейді.

«Алматы – біз үшін Қазақстанға енудегі ерекше «қақпа». Мегаполис бизнес үшін инвестиция жағынан тартымды, сондықтан біз бұл өңірге инвестиция бөлуге ынталымыз. Оның жарқын мысалын БАКАД құрылысынан көруге болады, мұнда оңтүстіккореялық «SK Group» компаниясы жемісті еңбек етуде. «Lotte Алматы» кондитер фирмасы, әлемдік деңгейдегі электроника шығаратын «LG Electronics» зауыттары табысты жұмыс істеуде», - деп атап өтті Дэсик Ким.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда мыңдаған қалалықтар мен мегаполис қонақтары Наурыз мейрамын мерекелеуде »»
22 наурыз 2019 - 17:33
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу кең ауқымда өтуде. Қаланың барлық сегіз аудандарында мерекелік шаралар қанат жайған, «Астана» алаңы, Жібек жолы мен Панфилов көшелері, Almaty Arena, Halyk Arena, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені, «Атакент» алдындағы алаң және басқалары халық көп жиналатын мерекелік тартылыс орындарына айналған. Қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың Қазақстанда достықты, өзара құрмет пен келісі...
Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13