^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 16 шілде 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Астанадағы «Almaty balabaqshasy» жаңа бала бақшасында болды
02 шілде 2018

Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

«Almaty balabaqshasy» балабақшасы 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Akorda.kz

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімі Швейцарияның экономика, білім және ғылым министрімен кездесті »»
13 шілде 2018 - 18:39
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцарияның Федералды кеңесшісі, экономика, білім және зерттеу Федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, стартаптарды қолдау және «Smart city» жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тәуелсіздік жылдары екі ел арасында түрлі бағыттар бойынша кең спектерлік серіктестік орнықты, бүгінгі күні Швейцария Қазақстанның үшінші ірі шетелдік инвесторы болып табылады. Алматыда сауда, медицин...
Алматы әкімі қаланың инженерлік желілерін қайта жасау қарқынын жеделдетуді тапсырды »»
12 шілде 2018 - 12:47
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қаланың инженерлік желілерін қайта жасау жұмыстарын тексерді. Биыл жазда мегаполисте 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделуде, 120 мыңнан астам абоненттер үшін газ құбырлары кеңейтіліп, сумен қамтудың жаңа жүйелері жүргізілуде. Дулати көшесі бойындағы ұзындығы 8,8 шақырым кәріз коллекторы учаскесінің құрылысын қарап шыққан мегаполис басшысы қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. «Барлық об...
Алматыда жазда 600-ден астам аула жөнделеді
10 шілде 2018 - 17:26
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында ескі үйлерді сүру бағдарламасын жүзеге асыру, аулаларды абаттандыру және қаланың бірқатар даңғылдарын жаңарту барысымен танысты. Мысалы, Сүлейменов көшесінің қилысы мен Жандосов көшесінен жоғары орналасқан ұй тұрғындарын уақытша орналастыру мен 50 жылдары салынған үйлерді сүру жұмыстары басталады. 8 пәтерлі үйдің орнына «Алматы ӘКК ҰК» АҚ жеке құрылыс жүргізушімен бірге орталықтандырылған коммуникация жүйесі бар көпқабатты тұрғын үй салуды жо...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13