^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 16 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда бірден бірнеше маңызды объектілерге архитектуралық жарықтар орнатылды
05 шілде 2018

Алматыда қаланың маңызды объектілеріне архитектуралық жарық беру жұмыстары жалғасуда. Кешке қарай мегаполистегі Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Офицерлер үйі, 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ Мемориалы мен Бауыржан Момышұлының ескерткіші, Жамбыл атындағы республикалық филармония мен Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараттары түнгі жарықтар нұрына бөленді.

Қазіргі кезде архитектуралық жарық көздері көптеген мегаполистерде қолданылады, олар әр көрнекі орындарды айшықтай түсіп, кешкі серуен кезінде қолайлы жағдай туғызады. Өз кезегінде заманауи энергияжинақтаушы технологиялар электроэнергиясын үнемдеп, жарық көздерінің ұзақтығын қамтамасыз етеді.

Алматыда соңғы екі жылда қала ғимараттарын, нысандары мен ландшафтарын кешкі және түнгі нұрландырудың бірыңғай архитектуралық стилін қалыптастыру барысында 120-дан астам маңызды архитектуралық объектілерге көмескі жарық көздері орнатылды.

Олардың арасында Тәуелсіздік Монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, «Көктөбе» телемұнарасы, Абай атындағы опера және балет театры, Республика Сарайы, Әуезов атындағы театр, Қастеев атындағы музей, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы және басқа да маңызды ғимараттар бар.

Алматының бір стильдегі архитектуралық жарық көздері бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы жүзеге асуда.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделеді, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды »»
16 желтоқсан 2018 - 11:57
Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды. Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті. ...
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады »»
14 желтоқсан 2018 - 19:37
Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сай мегаполис әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды. «Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілік...
Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды »»
14 желтоқсан 2018 - 18:23
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықта...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13