^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қаланың инженерлік желілерін қайта жасау қарқынын жеделдетуді тапсырды
12 шілде 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қаланың инженерлік желілерін қайта жасау жұмыстарын тексерді. Биыл жазда мегаполисте 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделуде, 120 мыңнан астам абоненттер үшін газ құбырлары кеңейтіліп, сумен қамтудың жаңа жүйелері жүргізілуде.

Дулати көшесі бойындағы ұзындығы 8,8 шақырым кәріз коллекторы учаскесінің құрылысын қарап шыққан мегаполис басшысы қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

«Барлық объектілер мерзімінде берілуі және кешенді абаттандырылуы, жасылдандырылуы тиіс», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Өткен жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Алтынсарин көшесі бойына ұзындығы 2,8 шақырым газ құбырын тарту жұмысы ойдағыдай аяқталды. Осының арқасында 40 мыңнан астам абонент газбен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Жамбыл көшесі бойымен Назарбаев даңғылы және Пушкин көшесінің арасында жылу желілерін қайта жасау жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, қазір мұнда маңайды абаттандыру ісі жалғасуда.

Қаланың бірқатар учаскелерінде жұмыстар жүруде, олар шілденің соңына таман аяқталады. Жұмысы қомақты әрі күрделі учаскелер тамыз айының соңында іске қосылады. Мұндағы барлық абоненттер уақытша сызба арқылы ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Сумен қамтудың және судан бөлудің жаңа желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Осының арқасында қаланың 5 ауданының 120 мыңнан астам тұрғыны сапалы сумен және орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі қаланың тарихи орталығын қайта жасау жұмысын тексерді. Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даңғылдары мен Абай алаңының учаскелерінде инженерлік желілерді ауыстыру, тас төсеу, суару жүйесін орнату, нысанның сыртын жаңарту жұмыстары жүруде.

Реконструкция барысында жаяу жүргінші, жасыл желек аймақтарын кеңейту, жаңа фонтандар салу қарастырылған.

Айта кетерлігі, осы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150-ден астам көше жөнделеді. Барлық жер асты өтпелі жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында абаттандыру жүзеге асуда. Егер өткен жылы қалада 500 аула жөнделсе, биыл қаланың барлық аудандарында тағы да 600-ден астам аула жөнделеді.

Мегаполисте соңғы жылдары 800 км инженерлік жүйелер салынды және жөнделді, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км кәріз құбыры, 150 км электр беру желісі және 32,3 км жылу желісі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы тағайындалды »»
15 наурыз 2019 - 14:44
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды. Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туылған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компанияның бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған. 2017...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13