^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 ақпан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынады және жарық желілері жөнделеді
18 шілде 2018

Алматыда VI-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясы барысында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд. теңгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысындаүнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге,жаңа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге жұмсалатын шығын көздері анықталды.

Мысалы, қаланың бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады.

«Еңбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау» аясында мыңдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық мықтылау жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, «Алматы-2020» даму бағдарламасына және қалалықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген Алматы бюджеті биылғы жылы 526,7 миллиард теңгені құрайды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды
22 ақпан 2019 - 18:51
Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы состав жаңарып, жаңа бағыттар ашылуда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №65 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді. «Авто Алма Транс» ЖШС төмен еденді сыйымдылғы жоғары 20 автобус алыпты, олардың барлығы кондиционерлермен жабдықталған және Евро-5 экологиялық сыныбына сай. Барлық бағыттар жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген. 2017 жылы босаған №65 бағыттағы автобустар Думан мен Қарағайлы ел...
Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы тағайындалды »»
22 ақпан 2019 - 16:34
Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы болып Рахат Шимашева тағайындалды. Еңбек жолын Алматы қаласының №62 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Түрлі жылдары қаланың білім жүйесінде еңбек етті, оның ішінде мегаполистің Білім басқармасының басшысы болды. Соңғы екі жылда Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті. Басқарманың жаңа басшысының алдына нақтылы міндеттер қойылды, олар: жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік лифтерді құру, ерекше қажеттілікке зәру жандарға кедер...
Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы тағайындалды »»
22 ақпан 2019 - 14:49
Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы болып Ержан Сейтенов тағайындалды. Бұған дейін ол мегаполистің Жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы болған. Басқарманың жаңа басшысының алдына қойылған басты міндеттердің бірі - қаланы қоршаған ортаны жақсарту, экономиканың түрлі секторларына тиімді «жасыл» жобаларды енгізу, су ресурстарын, жасыл қорды сақтау және ұлғайту арқылы қаланың экожүйесінің антропогенді жүктемесін азайту және басқалары. Қала әкімі жұмысты қалдықта...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13