^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тағы бір ескерткіш пайда болуы мүмкін
31 шілде 2018

Жұмыс сапары кезінде қаланың тарихи орталығын аралаған меагполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесіндегі 69 үйде орналасқан Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматының сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды. Нысан 1950 жылдары архитектор Михаил Кудрявцевтің жобасы бойынша салынған. Оның басты кіре берісі мен қапталдары, жақтаулары төрт жақты композициялық бағаналарға тірелген. Қапталдардың аркалары, люнеттері таңбалы белдеулермен өңделген. Ғимарат «ұлттық стильде» салынған көнелердің бірі болып табылады әрі оның сәулетінде классикалық және өңірлік синтез өзара ұштасқан, яғни Алматы магистралі құрылысының басты элементі болып табылады. Сыртқы солтүстік қабатында ішкі аула және жасыл желекке оранған кеңістік бар.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» Заңының негізінде объектіні тізімге енгізу оған тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін береді. Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткіштің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, ғимаратың сыртқы келбетін, ішін, конструкцияларын, мақсатты пайдаланылуын, аумағын өзгертуге тыйым салынады. Жөндеуге, қайта жасауға байланысты атқарылатын шаралардың барлығы өкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асады.

Еске салсақ, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес қаланың ипподромы мен «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырған еді. Артынан ғимараттың бұрынғы келбетін қайтару жөнінде жұмыс басталып, заңсыз құрылыстар алынып тасталды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13