^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы «Сайран» өзенінде триатлоннан Азия Кубогы басталды
04 тамыз 2018

Алғаш рет Алматыдағы «Сайран» өзенінде триатлон бойынша Азияның ашық континентальды Кубогі басталды, мұнда 16 елдің, соның ішінде Австралияның, Бельгияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және басқаларының 60-тан астам атлеттері медальдар үшін күресетін болады.

Халықаралық спорт сайысы екі күнге созылады. Бірінші күні жүгіруден, жүзуден, велоспортынан кәсібилер жарысқа түседі, ал екінші күні әр түрлі жастағы тіркелген 150-ден астам әуесқойлар бәсекеге қатысады.

«Біз қазіргі кезде қала тұрғындарының белсенді және салауатты демалуы – велосипед тебуі, жүгіруі, жаяу жүруі үшін үлкен мүмкіндіктерді жасаудамыз. Қалада 68 километр веложолдар абаттандырылды, таяу жылдары біз оларды 100 километрге дейін жеткіземіз, аулаларда спорт алаңдарын жасау жалғасуда, жаяу жүргіншіге басымдық беретін көшелер жасалуда. Осының барлығы қала тұрындары мен қонақтарына жайлы болу үшін атқарылуда. Қазіргі кезде студенттер арасында футзалдан өтетін әлем Чемпионатына дайындалудамыз, халықаралық алқалы сайыс біздің қаламызда тамыз айының соңында өтеді, оған әлемнің 24 елінің спортшылары қатысады», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жарысқа дайындық барысында Сайран өзенінің жағалауын абаттандыруға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. «Таза қалада өмір сүр!» акциясы барысында су арналары тазартылды, 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды, балалар және спорт алаңдары салынды, соның ішінде футбол алаңы мен ұзындығы 5 км болатын жүгіру жолы іске қосылды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматыда 250 мыңнан астам адамды қамтыған 2,5 мыңнан астам спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті, соның ішінде 2,5 мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен назар аударылады. Қаланың барлық аудандарында қазақ күресі бойынша секциялар ашылған, қазақтың ұлттық «белдесу» күресі қайта жаңғырды, Алматы ипподромының жұмысы қолға алынды.

«Спорт менің ауламда» жобасы бойынша спортпен тұрақты айналысатын 18 мыңға жуық балаларды қамтитын ауладағы спорт алаңдарының саны артты. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын спортқа кеңінен тартатын және жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялайтын «Батыл бол» жобасы жүзеге асты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13