^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сіз Алматыда қай көшені жөндер едіңіз?
08 тамыз 2018

Алматыда соңғы үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 500 км болатын 524 көше жөнделді.

Сонымен, 2016 жылы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 196 көшенің 140 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен барлық магистральды көшелер мен жергілікті жолдардың 80%-ы қамтылды. Жаяу жүргінші үшін 30,5 км тротуарлар жасалды.

2017 жылы ұзындығы 147,1 км болатын 170-тен астам көше орташа жөндеуден өтті. 37,5 км тротуарлар салынды және жөнделді. Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелері мен 23 бұрылыстардағы ескі трамвай жолдары алынып, қозғалыс бөлігі кеңейді, 16,7 шақырымға жаңа асфальт төселді.

Алматыда биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстарымен ұзындығы 155 шақырымнан астам тағы да 157 көше қамтылған. Бұлардан өзге, Мақатаев, Байтұрсынов, Жароков көшелеріндегі қозғалыс бөлігі кеңейіп, 15,7 шақырымға жаңа асфальт төселді. Жаяу жүргіншілер үшін 30 км тротуарлар салынды.

Айта кетерлігі, көше- жол желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлерге үш жылдық кепілдеме беріледі. Осы кезең ішінде жіберілген кемшіліктер мен орын алған олқылықтарды олар өз қаржылары есебінен түзетулері тиіс.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша тротуарлар мен арықтарды абаттандыруға айрықша назар аударылуда. Қолданылмайтын конструкциялар алынып, жасыл желек жүргізілуде. Тротуарларға тексеру жүргізіліп, жаяу жүретіндерге қиындық туғызатын түрлі құрылыстардың барлығы сүрілуде.

Биылғы жылы кіші көлік айналымының өткізу қабілетін арттыру үшін үш жаңа жолайрығы салынуда, бірнеше көшелер өзгертіліп, жүрдек автобус дәлізін жасау ұйымдастырылуда, көпір қондырғылары және басқалары кеңеюде.

Құрылыс басқармасы тарапынан қаланың тарихи орталығы жаңғыруда. Аудандық әкімдіктер барлық жер асты өтпелі жолдарды күрделі жөндеуде. Егер өткен жылы 500 аула көріктендірілсе, биыл тағы да 600-ден астам аула жаңарады.

Жалпы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қазіргі кезде 123 көшені жөндеу жұмыстары аяқталды. 25 тамызға дейін қалған 34 көшедегі орташа жөндеу жұмыстары жүзеге асады.

Сіздер білесіздер, бізде жерді қазу мен түрлі құбырларды тартуды жақсы көретін Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы да бар.

Ал шындыққа жүгінсек, олардың атқаратын жұмыстары барынша жауапты және өте күрделі. Олардың ерен еңбектерінің арқасында қала түрғындары жарықпен, сумен, жылумен, канализациямен қамтылуда. Тек соңғы жылдың өзінде ғана 800 инженерлік желі салынды және жөнделді.

Дегенмен, ашық конкурсқа қатысқанымен өз міндетіне жауапсыз қарайтын мердігерлер де бар, солардың салдарынан олқылықтардың орын алуда. Біз оларды кепілдеме міндеттеме аясында жұмыстарын қайта жасауға мәжбүр етеміз.

Көшелердегі кемшіліктерді жою үшін қосымша 4 мердігер ұйым мен 12 арнайы бригада іске кірісті.

12 көшедегі инженерлік коммуникациялар жаңарған соң тағы 12,5 км жол орташа жөндеуден өтті.

Шұңқырлар да жөнделу үстінде. 175 мың. м2 қала көше шұңқырлары ретке келтірілді. Жыл аяғына дейін тағы да 370 тыс. м2 шұңқыр жабылады.

Келер жыл туралы сөз ететін болсақ, Алматының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қазірдің өзінде 2019 жылдың жұмыс жоспарын жасау үстінде.

Біз тағы да 150 шақырымнан астам қала көшелерін жөндейміз.Қаланың барлық аудандары орталықтандыру қағидасы бойынша өркендейді. Алматының төменгі бөлігіне де басымдық беріледі. Біз Сіздерге арқа сүйейміз, алматылықтар!

Алматы әкімдігі осы мәселелер бойынша Сіздерден нақтылы ұсыныстар күтеді. Сіздің ойыңызша қай жол жөнделуі немесе жаңа тротуарлар жасалуы тиіс?

Өтінімдер осы жылдың қыркүйек аяғына дейін қабылданады. Бізге ақпаратты арнайы zhol.almaty@a-a.kz электронды жәшігіне «Жөндеу қажет» немесе «Тротуар қажет» белгілерімен жібере аласыздар.

Алматы әкімдігінің ресми өкілі Тимур Базарбаев

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады »»
24 мамыр 2020 - 10:34
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.   «Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» – делінген құттықтауда. ...
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді »»
22 мамыр 2020 - 21:31
Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда   Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі....
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда »»
22 мамыр 2020 - 21:04
Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.   Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56