^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 20 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы бірнеше белгілі ғимараттарға архитектуралық жарық көздері орнатылды
31 тамыз 2018

Алматыда тарихи және мәдени айрықша маңызы бар қаланың тарихи орталығын реконструкциялау және ғимараттарды жаңарту жалғасуда. Кешке қарай Республика Сарайы, Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайы, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория мен Алматының бірқатар белгілі нысандары архитектуралық жарық көздерімен нұрлана түседі.

Қазіргі кезде көптеген мегаполистерде қаланың ерекшеліктері мен көрнекі орындарын айшықтай түсетін және кешкі серуен кезінде қолайлы жағдай туғызатын архитектуралық жарық көздері тиімді пайдаланылуда.Заманауи энергия жинақтайтын технологияны ұтымды қолдану электр энергиясын үнемдейді және жарық көздерін ұзақ пайдалануға ықпал етеді.

Кешкі және түн мезгілінде қала ғимараттарына, ландшафтарға бірыңғай архитектуралық стиль беру мақсатында Алматыда соңғы екі жыл ішінде қаланың 130 белгілі нысандары жарық көздерімен нұрлана түсті.

Олардың арасында Тәуелсіздік Монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, Даңқ, Мемориалы, «Көктөбе» телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Қастеев атындағы мұражай, Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы және басқалары бар.

Архитектуралық жарық көздерінің бірыңғай жобаларының барлығы бюджеттен тыс қаржы есебінен жүзеге асуда.


Бұлардан өзге, Алматыда биылғы жылы бірнеше қала даңғылдары реконструкциялануда, көшелер мен тротуарларғажаңа жарық көздері орнатылып, жаяу жүргінші аймақтары кеңеюде, көлеңкелі кеңістік қалыптастыру үшін жасыл желек отырғызылып, жаңа субұрқақтар салынуда.


Кеспе тастар төселуде, жарық діңгектері мен суару жүйелері, ғимараттардың кіре берістері мен сырты жаңаруда.

Жыл аяғына дейін барлық жарық көздерінің үштен бірі жаңарады. 24000 жарық көздері немесе олардың 31,5%.-ы энергия жинақтайтын және диодты шамдарға ауыстырылады. Мысалы, BRT автобустарының жүрдек желісін салу аясында Тимирязев көшесінде жарық көздерін жаңарту жұмыстары аяқталып қалды.

Егер өткен жылы қала билігі Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсейітова көшелері мен «Астана» алаңын жаңаласа, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даңғылдарында, «Алматы-2» теміржол вокзалының маңайында және Республика Сарайы алдындағы алаңда қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.


Қалада ұзындығы 500 км болатын 524 көше жаңарды. Мегаполистің барлық жер асты өтпелі жолдарын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды.

800 км инженерлік желілер жөнделді және салынды.

Ұзындығы 12 км болатын тағы бір жылу желісінің құрылысы аяқталып қалды, бұрыннан бар газ құбырлары кеңеюде, 120 мың тұрғынды қамтитын жаңа су жүйесі тартылуда.

Қалада 300 км арық желісі жаңарды.

Су жиі басып қалатын учаскелерге 70 шақырымнан астам арық салынды. Таяу арада тағы 45 км арық желісі жаңарады.

Мегаполис билігі қаладағы 3800 аулалардың ішіндегі 1400 ескі аулаларды жаңартуды аяқтап қалды.

Реконструкция аясында аулаларда жаңа балалар және спорт алаңдары, тренажерлар мен ойын кешендері, жаңа жарық көздері пайда болуда.Кейбір аулаларда жарық көздері пилотты режимде күн энергиясымен жұмыс істеуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56