^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 18 қараша 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда BRT желісі бойынша 18 метрлі автобустар жүретін жаңа бағыт ашылады
14 қыркүйек 2018

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын тексерді және жеке автопарк алған №128 бағыт бойынша қызмет көрсететін жаңа автобустарды көрді.

Қазіргі кезде BRT желісі бойынша 28 тұғырнамада 68 бекетті павильондар жасақталуда, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда, жасыл желек отырғызылуда. Айдың соңына дейін Мұстафин және Сүлейменов көшелеріне жарық беретін 115 торшерді монтаждау аяқталады.

BRT автобус желісінде 17 бағыт бойынша 300-ден астам көлік бірлігі жүретін болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша жыл аяғына дейін 18 метрлі автобустар жүретін қосымша бағыт ашу жоспарланған.

«Жүргізілген сараптама 12 қыркүйекте BRT желісін іске қосу арқасында жолаушылар ағыны бір күнде 100 ден 142 мың адамға, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артатынын көрсетті. «Атакенттен» Қазақ Ұлттық Университетіне автобус 2,5 минутта жетеді екен, ал бұрын 10 минутқа созылатын», - деді басқармадағылар.

Тимирязев көшесінің кейбір қиылыстарындағы бағдаршамдар объектілерінде жаяу жүргіншілер үшін жеке фазалар қарастырылады.ЖКА алдын алу үшін ІІД бірге видеофиксацияның автоматты желісі орнатылатын 10 тораптық нүкте белгіленді.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы жеке автопарк алған Yutong маркалы жаңа автобустарды көрді.

Ескі жылжымалы составқа тұрғындар тарапынан көп шағым түсетін, оны ретке келтіру үшін №128 бағыт бойынша енді төмен еденді 12 метрлі 17 көлік бірлігі жолаушыларды тасымалдайды. Бұлардан өзге, қарашада тасымалдаушы №72 бағыттағы жылжымалы составты толық жаңартады.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесін 80%-ке дейін жеткізу жоспарланған.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды.300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қаланың коммуналдық қызметінің алдағы қысқа дайындығын тексерді »»
12 қараша 2018 - 11:53
Бауыржан Байбек мегаполистің барлық аудандарына қала тұрғындарының қарды уақтылы тазарту және өзге де өтінімдеріне шұғыл назар аудару үшін «жедел» желі мен учаске бастықтарының, аудан әкімдері орынбасаларының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орнатуды тапсырды. Бұл ақпарат Алматы тұрғындарына қолжетімді болу үшін Ғаламтор желісіне ашық түрде жарияланады. Алматы көшелерін реконструкциялау аясында және «Қала адамдар үшін» концепциясын жүзеге асыру барысында коммуналды қызм...
Алматылықтар 2019 жылы қандай субұрқақтарды көре алады »»
09 қараша 2018 - 12:31
Алматыда жайлы қала кеңістігін қалыптастыру барысында жаңарған даңғылдарға бірден бірнеше жаңа фонтандар салынды. Тіпті, қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде «ұмыт қалған» алматылық субұрқақтар жөнделіп, іске қосылды. Мысалы, ҚТЖ ғимаратының алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнына жаңа фонтан пайда болды. Назарбаев даңғылы бойында бірнеше жаңа әрі құрғақ субұрқақтар іске қосылды. Абай даңғылы бойындағы жаңа фонтандар да көпшіліктің көңілінен шығады, оның ішінде Спорт және туризм...
Алматы мектептерінің директорларына ақша жинауға тиым салынғаны ескертілді »»
02 қараша 2018 - 12:35
Алматы әкімдігінде мектеп директорларымен кеңес өтті, онда білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Мемлекет басшысының білім жүйесіне айрықша назар аударатынын, бұл мәселенің халыққа Жолдауында айқын көрініс тапқанын атап өтті. Білім саласын қаржыландыру жыл өткен сайын арта түсуде. Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру 27 млрд. теңгеге өскен. Алматыда мектеп жасына дейінгі жән...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13