^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Южный» саябағы бір ай ішінде қайта жасалады
25 қыркүйек 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жасау жұмыстары жүріп жатқан «Южный» саябағын аралап көрді. Саябақ 14,2 га аумақты алып жатқан Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан.

Қаланың Табиғи ресурстар және табиғаттты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев мердігердің саябақты реконструкциялауды ұзаққа созуы конкурсқа қатысқан бір компанияның берген арызының салдарынан туындағанын,оның үстіне тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, жобаға түзетулер енгізілгенін, сараптамаға қайта жіберілгенін айтты.

Бұрындары мегаполис әкімі тұрғындардың талаптарын ескере отырып жобаға қажетті өзгерістер енгізуді тапсырған болатын.

«Мұнда тұрғындардың барлық топтарына: арбадағы баласын сүйреген аналарға, балдырғандарға, тыныштықты қалайтын қарт адамдарға барынша ыңғайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл көңіл көтеретін саябақ емес, адамдар мұнда тынығуға келеді, сондықтан асфальтты алаңды азайтып, бұрыннан бар жолдар мен сүрлеулерді жаңартып, жайлы көлеңкелі кеңістік жасап, архитектуралық үлкен пішіндердің орнына шағын жарық көздерін пайдаланған жөн», - деген еді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде саябақта кеспе тас төселуде, 14 км жерді суаратын су құбыры тартылуда.Келесі аптадан бастап жарық көздерінің 180 бағанасы орнатылады. Аудан тұрғындарының тілегі бойынша көше жиһазы, стационарлы дәретхана, иттердің және өзгелердің кіріп кетпеуі үшін қоршау қойылады.

«Барлық жұмыстар бір айдың ішінде сапалы аяқталуы тиіс. Бұл саябаққа тек осы ауданның ғана емес ,өзге ауданның тұрғындары да серуендеп, демалуға келеді», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, бұрындары аудан тұрғындарының Алматы әкіміне жасаған ұсынысы негізінде «TURKUAZ GROUP OF COMPANIES» компаниясы «Нұр Отан» партиясының тұғырнамасында «Южный» саябағында тұрғын кешенін салудан өз еркімен бас тартып, саябақтың солтүстік бөлігіндегі жер телімін мемлекетке қайтарған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13