^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 22 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Бенин Республикасы Абоме-Калави қаласының мэрімен кездесті
25 қыркүйек 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бенин Республикасының экономикалық орталығы болып табылатын Абоме-Калави қаласының мэрі Жорж Бадамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және қалаларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Мегаполис әкімі географиялық қашықтықта қатысты Алматы мен Бенин арасындағы экономикалық байланыстың шектеулі екенін, алайда мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтті.

Жыл сайын қалада халықаралық көлемде Spirit of Tengri, Star of Asia, халықаралық джаз фестивалі, оркестрлер парады сынды 50-ден астам шаралар өтеді, бұларға бениндік шығармашылық ұжымдардың қатысуы өзара байланысқа тың серпін беріп, достықты нығайтуға ықпал етер еді.

Өзінің сөзінде Жорж Бада Абоме-Калави қаласының халықаралық байланысты нығайтып, дамыған қалалардың үздік практикасын игеруге мүдделі екенін жеткізді.

«Мен көптеген елдерде болдым, Қазақстанға келуім алғаш рет. Алматының күзгі көрінісі мені тәнті етті. Бізге қаланың қай бағытта дамуы, туындаған мәселелердің қалай шешімін табатыны қызық. Оның үстіне мегаполис таудың етегіне орналасқан екен, демек сіздерде төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғану бойынша нақтылы тәжірибе жинақталған. Тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасатын боламыз. Болашақта Бенин қазақстандықтар үшін батыс Африканың есігіне айналады деген үміттеміз», - деді Абоме-Калави мэрі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады »»
19 қазан 2018 - 16:21
Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі. Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде...
Алматыда автомобильді минут сайын жалға беретін сервис ашылды »»
19 қазан 2018 - 11:32
Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты. «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін...
Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды
18 қазан 2018 - 18:00
Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. «Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және ку...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13