^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 25 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды
25 қыркүйек 2018

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданының әкімі атанды.

Алматы әкімдігінде оларды таныстыру кезінде Бауыржан Байбек аудандардың тағайындалған әкімдерінің қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын жақсы білетіндіктерін атап өтті. Олардың алдына принципті және тұрақты қадағалауды талап ететін бірінші кезектегі міндеттер қойылды.

«Аудандардың жаңа әкімдері абаттандыру, жасылдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға, көшелерді жөндеуге, ғимараттардың архитектуралық келбеттеріне айрықша назар аударғандары жөн. ТҮКШ-ты модернизациялау аясында үйлерді жөндеуді жалғастырып, «Ескі тұрғын үй» бағдарламасын мықтап қолға алулары тиіс», - деді қала әкімі.

Аудан әкімдеріне білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп мектептердегі оқушы орындарының жетіспеуі мен емханалардағы сырқаттар тығыздығы мәселесін шешу тапсырылды.

Айта кетерлігі, Алмалы ауданының жаңа әкімі Бекқали Торғаев 5 жылдан астам уақыт Әуезов ауданында осы қызметті атқарды. 2015 жылдың ақпанынан бастап Бостандық ауданының әкімі атанды.

Үш жыл ішінде ауданда салық түсімі 22%-ға, шағын және орта кәсіпорындар саны 12%-ға, негізгі капитал инвестициясы 28%-ға артты. 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орныдары ашылды, 1,3 млн. кв.м. тұрғын үй іске қосылды, аулалардың 47%, жер асты өтпелі жолдардың барлығы жөнделді.

Өз кезегінде Бостандық ауданының жаңа әкімі Алтай Рахымбетов еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласы экология басқармасының маманы ретінде бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында 20 жыл бойына еңбек етті, соның ішінде Алматы қаласы Табиғатты реттеу басқармасының басшысы да болды. 2015 жылдың ақпанынан Әуезов ауданының әкімі.

Осы уақыт ішінде салық түсімі 74%-ға, бөлшек сауда айналымы 60%-ға, инвестиция 40%-ға артты, 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 6 мемлекеттік және 60 жеке бала бақшалар ашылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады »»
19 маусым 2019 - 14:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа болашақта орнатылатын ескерткіштердің эскиздерімен танысты. Барлық жобаларды комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды. Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл аяғына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал, қазақтың аты аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлері...
Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды »»
19 маусым 2019 - 13:46
Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасы...
Алматыда түлектердің жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі өтті »»
18 маусым 2019 - 18:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі барысында мектеп бітіруші түлектерді аттестат алуларымен және «Алтын белгі» иелерін құттықтады. Мегополисте биылғы жылы орта мектепті 8250 түлек бітірді, олардың ішінде «Алтын белгі» алғандар – 478 оқушы. «Сендердің білімге деген құштарлықтарың, табанды әрі ерен еңбектерің жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағалануда. Араларыңда оқушылардың республикалық, халықаралық олимпи...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13