^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 25 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматы-1» теміржол вокзалының айналасы қалай өзгерді
11 қазан 2018

Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған «Алматы-1» теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді.

Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында видеобақылау камералары қойылған.

Теміржол вокзалының тура алдына қоғамдық көлікке басымдық беретін қондырғылар орнатылған, өтпелі жолдарда қауіпсіздік қатаң сакқталған. Жақын арада заманауи форматтағы бекет кешендері орнатылады.

Алматы әкімі Мемлекет басшысының туризм және көлік- логистикалық қызмет секторын дамытуға айрықша назар аударатынын атап өтті. Биылғы жылы қалада «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарының айналасы қайта жаңарды, енді біраз жылдардан соң «КТЖ» АҚ ғимараттардың өздерін модернизациялайтын болады. «Сайран» халықаралық автовокзалы да қатар реконструкциялануда.

«Мемлекет басшысының Жолдауында қалаларда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілген. Біз келер жылы да Алматының тарихи орталығы мен әр ауданды модернизациялауды одан әрі жалғастырамыз. Соңғы жылдары Түрксіб ауданында аулалардың 50%-дан астамы абаттандырылды. Ендігі жылы тағы 200 аула жаңарады, осылайша қаламыздың қарт ауданының барлық аулалары қайта жасалады», - деді Бауыржан Байбек.

Бұлардан өзге, келер жылы Түрксіб ауданында жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Сауранбаев көшесі модернизацияланады, екі сквер қайта жасалады. Сүйінбай даңғылынан Ержанов көшесіне дейінгі Шолохов көшесі жөнделеді, тротуарлар кеңейіп, жасыл желек отырғызылады.

Айта кетерлігі, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.

Көшедегі барлық жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.








  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады »»
19 маусым 2019 - 14:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа болашақта орнатылатын ескерткіштердің эскиздерімен танысты. Барлық жобаларды комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды. Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл аяғына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал, қазақтың аты аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлері...
Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды »»
19 маусым 2019 - 13:46
Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасы...
Алматыда түлектердің жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі өтті »»
18 маусым 2019 - 18:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі барысында мектеп бітіруші түлектерді аттестат алуларымен және «Алтын белгі» иелерін құттықтады. Мегополисте биылғы жылы орта мектепті 8250 түлек бітірді, олардың ішінде «Алтын белгі» алғандар – 478 оқушы. «Сендердің білімге деген құштарлықтарың, табанды әрі ерен еңбектерің жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағалануда. Араларыңда оқушылардың республикалық, халықаралық олимпи...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13