^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 3 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды
18 қазан 2018

Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city-2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 ең үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардың финалдық үштігіне «Анкара парк» туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен хорваттың Загреб қаласы да енді.

Конкурс комитеті Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі мен қолжетімділігі, сарапшылар мен бизнестің қатысуы, МЖӘ механизмінің ұтымды қолданылуы, экологияны жақсартуға басымдылық беруі сынды басты критерийлерді атап өтті. Айта кетерлігі, биыл қалада автобус парктерін жаңарту деңгейі 80%-ға жететін болады. Жеке инвестиция есебінен үшінші буындағы электробустар шығаратын автобус паркі мен зауыт салынды. Электробустарды қала бағыттары бойынша жүргізу мегаполис экологиясына оң әсер етеді.

Елімізде алғаш рет BRT жүйесі іске асты, қоғамдық көлік үшін 110 км арнайы жолақтар жасалды, қаланың 10 орталық көшесіне біржақты көлік қозғалысы енгізілді, Орбитадан Көкбазарға дейін велодәліз жасақталды.Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, ол қаланы тыныш аудандармен және кейін қосылған елді мекендермен байланыстыратын болады.

Қазіргі кезде Алматыдағы қоғамдық көліктерде барлық транзакциялардың 97 пайызы қолма-қол ақшасыз жүзеге асуда, GPS-жүйесі арқылы диспетчерлік басқарудың автоматты жүйесі жұмыс істеуде, барлық автобустарға видеокамералар орнатылған, тасымалдаушыларды субсидиялауға қатысты жолаушылардын түскен шағым бойынша айыппұл салу жүйесі қолға алынды.

Қалада ЖКА-на қатысты фото-видеофиксация жүйесі жұмыс істейді, 709 қозғалыс жолағы бақылауға алынған, келер жылдан бастап бақылау нүктелері екі есе артады.

Көлік жүйесін реформалауда қала басшылығы үздік халықаралық мамандармен бірігіп жұмыс істеуде. Олардың арасында қоғамдық көлік кеңістігі мен көшелерді модернизациялаумен айналысатын «Gehl architects», «Тұрақты көлік» жобасы бойынша жұмыс істейтін ПРООН, көлік қозғалысының кешенді сызбасын жасайтын «A+S Транспроект»,«Systra» компаниялары және Алматының шебер- жоспар концепциясын жасауға кіріскен канадалық- америкалық «HATCH» компаниясы бар.

Айта кетерлігі,«Smart city» форумы Люблянда 2011 жылдан бастап өтуде және Еуропа мен Азия қалаларымен ынтымақтастықты нығайтуға, «Ақылды қалалар» цифрлы транформациясын бірігіп жүзеге асыруға бағытталған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды
02 шілде 2020 - 23:53
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.   Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мекте...
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті  »»
02 шілде 2020 - 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылы...
Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді
01 шілде 2020 - 16:03
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елдегі эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге, Қазақстан аймақтарына дәрі-дәрімек пен жеке қорғаныс құрылдарын жеткізу мәселелеріне байланысты түсініктеме берді.   Елдегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр, коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары орын алуда. Дәрі-дәрімекпен қамту мәселелері қосымша атап өтіліп, қазір олар шешімін тапты. Людмила Бюрабекова соңғы кездері көптеген қалаларда дәр...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz