^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 17 қараша 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті
26 қазан 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең спектрлі мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында АҚШ-тың Бас консулы Қазақстанның іскерлі, мәдени, білім және ғылым орталығы болып табылатын Алматының екі жақты байланыс үшін маңызды екенін атап өтті.

«Алматы – Америка консулдығы және Қазақстанда бизнес ашуға ынталы АҚШ компаниялары жүгінетін Америка сауда палатасы орналасқан Орта Азиядағы жалғыз қала. Мен мұнда 2004 және 2008 жылдары болған едім. Қала сондай тартымды, қайта айналып келе бергің келеді, осы жерде жұмыс істеуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Мен Алматыда үлкен оң өзгерістердің болғанын көрдім, жаяу жүргіншілер үшін жақсы инфрақұрылым жасалыпты, қоғамдық кеңістік барынша ашыла түскен», - деді Эрик Майер.

Айта кетерлігі, Алматыда қазіргі кезде телекоммуникация, қаржы, сауда және басқа салаларда американдық капиталмен 168 компания жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылы 400 миллионнан астам долларды құрады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қаланың коммуналдық қызметінің алдағы қысқа дайындығын тексерді »»
12 қараша 2018 - 11:53
Бауыржан Байбек мегаполистің барлық аудандарына қала тұрғындарының қарды уақтылы тазарту және өзге де өтінімдеріне шұғыл назар аудару үшін «жедел» желі мен учаске бастықтарының, аудан әкімдері орынбасаларының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орнатуды тапсырды. Бұл ақпарат Алматы тұрғындарына қолжетімді болу үшін Ғаламтор желісіне ашық түрде жарияланады. Алматы көшелерін реконструкциялау аясында және «Қала адамдар үшін» концепциясын жүзеге асыру барысында коммуналды қызм...
Алматылықтар 2019 жылы қандай субұрқақтарды көре алады »»
09 қараша 2018 - 12:31
Алматыда жайлы қала кеңістігін қалыптастыру барысында жаңарған даңғылдарға бірден бірнеше жаңа фонтандар салынды. Тіпті, қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде «ұмыт қалған» алматылық субұрқақтар жөнделіп, іске қосылды. Мысалы, ҚТЖ ғимаратының алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнына жаңа фонтан пайда болды. Назарбаев даңғылы бойында бірнеше жаңа әрі құрғақ субұрқақтар іске қосылды. Абай даңғылы бойындағы жаңа фонтандар да көпшіліктің көңілінен шығады, оның ішінде Спорт және туризм...
Алматы мектептерінің директорларына ақша жинауға тиым салынғаны ескертілді »»
02 қараша 2018 - 12:35
Алматы әкімдігінде мектеп директорларымен кеңес өтті, онда білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Мемлекет басшысының білім жүйесіне айрықша назар аударатынын, бұл мәселенің халыққа Жолдауында айқын көрініс тапқанын атап өтті. Білім саласын қаржыландыру жыл өткен сайын арта түсуде. Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру 27 млрд. теңгеге өскен. Алматыда мектеп жасына дейінгі жән...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13