^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 26 сәуір 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін реабилитациялық орталық ашылды
01 қараша 2018

Алматының Түрксіб ауданында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Мейірім» атты ерекше реабилитациялық орталық ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алматылық кәсіпкер Қайрат Боранбаев құрылысқа 2 млрд. теңге жеке инвестициясын салды.

«Мейiрiм» атты жаңа орталық церебралды паралич ауруына және басқа да сырқаттарға ұшыраған, интеллектуалдық дамуы төмен, сонымен қатар Даун синдромына шалдыққан 3-тен 15 жас аралығындағы мүмкіндіні шектуелі балаларға есептелген.

Мекеменің бір ерекшелігі, мұнда әр бала үшін коррекциялық және реабилитациялық дамудың жеке әдісі жасалған. Балалар коррекциялық-даму сабақтарына қатысады, оларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі, емдеу физкультурасы, массаж, физиотерапия, әлеуметтік-еңбек реабилитациясы, музыка, көркем және ойын терапиясы жұмыс істейді.

Орталық аумағына айрықша инклюзивті балалар алаңы орналасқан, мұнда олар түрлі жаттығулар жасайды, өздерін тік ұстап, координацияларын, жалпы және шағын моториканы, күштерін, ептілігін, көру қабілеттерін, тактильді сезінулерін, жетілдіреді және топ болуға ойнауға бейімделеді. Жалпы, орталық айналасында мүгедек арбасындағы және мүмкіндігі шектеулі балалардың еш кедергісіз қозғалуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

«Әлеуметтік қоғамның басты мәні - адамдарды жалғыз қалдырмау. Мемлекет басшысы бұған айрықша назар аударуда, осыған орай алматылық кәсіпкерлердің басым көпшілігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұндай әлеуметтік бағдарламаларға қолдау білдіруде. «Болашақ» қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы ретінде аутизм проблемасымен біз кеңінен айналыстық. Жеке қаржыны тарта отырып, инклюзиді қолдаудың 20 кабинеті ашылды, оның 7-і Алматыда. Өз кезегінде қалалық әкімдік тарпынан біз көшелерді абаттандырып, барлық тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудамыз. Олардың арасынан сәбидің арбасын сүйреген аналарды, қарттарды және мүкіндігі шектеулі жандарды көруге болады. Қазіргі кезде реконструкция аясында біздің қаламыз ерекше қолдауды қажет ететін адамдар үшін барынша қолайлы болуда», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек балалардың ата-аналарымен кездесуде.

Айта кетерлігі, Алматыда әлеуметтік саланы қаржыландыру соңғы үш жылда 2,5 есе өсті. Биылғы жылы тек мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға ғана қала әкімдігі 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді.

Қазіргі кезде қалада 23 реабилитацилық орталық жұмыс істейді, олардың тең жартысы жекенікі. Өз кезегінде «Мейiрiм» орталығы 2007 жылы әкімдік уақытша пайдалануға берген №250 бала бақша базасының негізінде ашылды.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Hyundai автомобильдерін шығаратын зауыт салынады »»
21 сәуір 2019 - 14:15
Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ маңында Қазақстан Республикасының қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады. Өзінің құттықтау сөзінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі таңда Алматының жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Тек үш ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4%-ға артып, 111,1 млрд. теңгеге жетті. «Зауыт 700-ден астам алматылықтарды тұрақты жұмыспен қамтиды, ал бұл - біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан дайын инфрақұрылымдар...
Алматыдағы этноспорттың Бүкіләлемдік конфедерациясының Халықаралық форумына 30 елдің өкілдері келді »»
20 сәуір 2019 - 14:40
Алматыда өтіп жатқан «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» этноспортының Бүкіләлемдік конфедерациясының екінші халықаралық форумына әлемнің 30 елінен 150-ден астам делегация қатысуда. Форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіләлемдік ойындарының өтетіні халқымыздың тарихын, мәдениеті мен өнерін ғана көрсетіп қоймайтынын, сонымен қатар өскелең ұрпақтың мақсат-мүддесін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. &...
Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен бала бақшалар салынады »»
19 сәуір 2019 - 18:41
Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайла...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13