^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 18 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда BRT желісіне жаңа автобус-гармошкалар шықты
02 қараша 2018

Алматыда көлік реформасы аясында жылжымалы составты жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін BRT желісіне жаңа бағыттар бойынша шығатын сыйымдылығы жоғары 18 метрлі автобустарды көрді.

Жолаушылар ағынының артуына орай BRT желісінде №205 жаңа бағыт ашылды, мұндағы көлік Мұстафин – Рысқұлбеков – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев – Желтоқсан (кері бағытта Наурызбай батыр) - Төле би көшелерін, Шығыс айналма жолын және «Жетісу» базарын қамтиды.

Бұл бағыт бойынша қызмет көрсету үшін 30 жаңа көлік бірлігі ұйымдастырылған, қозғалыс интервалы 5 минут. Төмен еденді автобустардың сыйымдылығы 180 адамнан асады, көліктер кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, еңкейгіш кузовпен жабдықталған әрі экологиялық Евро-5 сыныбына сай. 18 метрлі автобустың төрт есігінің әрқайсысына «ОҢАЙ» терминалы орнатылған.

«Қала басшылығының қоғамдық көліктегі сервис сапасын арттыруға қатысты тапсырмасына орай қазірдің өзінде 600 жүргізуші біліктілік Орталығында кәсіби шеберліктерін жетілдіруде. ПДД және күйзелістің алдын алу, алғашқы медициналық көмек көрсету, жолаушыларға мәдениетті қызмет көрсету бойынша тренингтер өтуде», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Қаланың Көлік холдингінің басшысы Садир Хамраевтың ақпараты бойынша өткен қазан айында «ОҢАЙ» картасы бойынша 1,9 млрд. теңгенің 31 миллионы транзакцияланған, бұл рекордтық көрсеткіш.

Айта кетерлігі, жыл аяғына дейін Алматыда қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келді.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың қатысумен қала активі өтті »»
17 шілде 2019 - 21:37
ҚР Президенті Қ-Ж.Токаевтың тапсырмасы бойынша Алматы әкімі Б.Сағынтаев қала активін өткізіп, онда 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралды. Б.Сағынтаев Алматыны одан әрі өркендетудің стратегиялық бағытын айқындады және оларды шешу шараларын атап өтті. Алматыны дамытуда Президент Қ-Ж.Тоқаевтың саяси платформасында көрініс тапқан «Шетсіз қала» концепциясына баса назар аударылатын болады. Халықтың негізгі әлеуметті...
Қала әкімі Б.Сағынтаевтың қатысумен Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысы өтті »»
17 шілде 2019 - 15:48
Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесу кезінде қала әкімі Б.Сағынтаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары мен екінші жартыжылдықтың міндеттерін талқылады. VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын мәслихат хатшысы Қалдыбай Қазанбаев ашты. Кездесу барысында мегаполис әкімі Алматыны дамытудың бірінші кезектегі міндеттері мен бағыттары бойынша өзінің болжамдарымен бөлісті. Барлық экономикалық көрсеткіштер бойын...
Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі »»
13 шілде 2019 - 15:41
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатыр. Оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмей тінін хабарлаймыз. Сондықтан БАҚ-ын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twitter, Facebook және Instagram. әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram сер...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56