^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Жолдау жүзеге асуда: Алматыда бос жатқан жерге балалардың спорт кешені салынды
30 қараша 2018

Алматыда Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында көпфункционалды «Жарыс Арена» спорт кешені ашылды. Жоба демеушілер қаржысы есебінен жүзеге асты, кешен Орбита-3 ықшам ауданындағы №40 жалпы білім беретін мектеп аумағына орналасқан.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға және кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салу қажеттігіне назар аударған еді.

Ел Президенті қойған міндеттерді орындау мақсатында Алматыда қаланың инфрақұрылымын модернизациялау, спорт орталықтары мен алаңдарын реконструкциялау және ашу жұмыстары белсенді түрде жүруде. Осы ретте мемлекеттік-жеке әріптестік аясында іске асатын жобаларға айрықша мән берілуде. Өз кезегінде көпфункционалды «Жарыс Арена» спорт кешені Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы алғашқы объект болып табылады.

«Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты және еліміздің спорттық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты назар аударуда. Өздеріңіз көргендей, жеке сектор мемлекеттің қолдауы барысында үлкен жұмыстарды атқаруда, соның арқасында біздің балаларымыз спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда тамаша мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр. Уақыттан тыс кездері мұнда жақын орналасқан аудандар тұрғындары да спортпен айналыса алады», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, жаңа спорт кешені мектеп жанындағы бос жатқан жерге қысқа уақыт ішінде тұрғызылды. Мұнда жасанды антиаллерген төселген бірнеше жабық футбол алаңдары, волейбол және баскетбол ойнайтын бөліктер, ұзындығы 250 метр болатын жүгіру жолы, әйелдер мен ерлердің шешінетін және жуынатын бөлмелері бар.

Бұрындары Алматыда қайта жасалған «Спутник» стадионында балалар үшін «Жас қыран» атты футболдан оқу және жаттығу кешені ашылған еді. 800 көрерменге арналған жаңа стадион шатырында түрі бөлмелер, ФИФА сертификаттаған дренажды желісі және жасанды итальяндық газонды алаңдар бар. Мұнда 500-ден астам жасөспірім футболшылар жаттыға алады, футбол орталығының жаттықтырушылар штатында 50 адам жұмыс істейді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады »»
14 желтоқсан 2018 - 19:37
Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сай мегаполис әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды. «Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілік...
Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды »»
14 желтоқсан 2018 - 18:23
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықта...
Алматы полициясы автокөлікпен және электронды хаттама толтыру үшін планшеттермен толық қамтамасыз етілді »»
14 желтоқсан 2018 - 16:54
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірісте шығарылған әрі газбен жұмыс істейтін 70 жаңа автомобильдерді көрді. Қазіргі кезде қала полициясының автопаркі көлікпен толық қамтылған, ал бұл ведомстваның жедел жұмысына оң ықпалын тигізетін болады. Қала полициясының бастығы Серік Күдебаев өзінің сөзінде әр автомобильдің GPS-навигаторымен және видео-аудио фиксациялармен жабдықталғанын айтты. Бұдан өзге, барлық жол-патруль қызметі планшеттермен және төскеуделік видеорегистраторлармен қамт...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13