^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 20 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының «солтүстігі мен оңтүстігі» жаңа эстакада арқылы қосылды
30 қараша 2018

Алматыда теміржол бойымен эстакада арқылы Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек «солтүстік-оңтүстік» бағыты бойынша Сейфуллин даңғылының жүктемесін азайтатын жаңа жол айрығын көрді.

Техникалық жағынан күрделі жобаның жалпы құны 7,4 млрд. теңге, ол екі жыл бойына салынды, құрылыс кезінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Үңгілеудің өткізу қабілеті тәулігіне 48 мың көлік.

Тірек қондырғылары мен қабырғалары мен эстакада құрылыстары үшін 7 мың текше метр бетон және 4 мың тоннадан астам металлоконструкция пайдаланылды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек жаяу жүргінші инфрақұрылымын құру және қоғамдық көлікті дамытумен қатар қалада автомобилистердің жағдайын жақсарту да қолға алынғанын айтты. Жол айрықтары салынуда, жолдар жөнделуде, біржақты қозғалыс енгізілуде, адамдардың екпіні артып, бизнестің логистикалық шығыны төмендеуде.

Жұмыс сапары кезінде мегаполис басшысы қаланың дамуына үлес қосқан жұмысшыларға ерен еңбектері үшін алғыс айтты.

«Президентіміздің саясаты арқасында Алматы тұрақты дамуда, экономикалық жағынан өсуде. Соңғы он жыл ішінде 30 жол айрығы ашылды, жаңа үйлер салынуда, қаланың тарихи орталығы жаңаруда, бизнес өркен жаюда. Міне, мұнда сіздердің үлестеріңіз айтарлықтай, атқарылған істердің барлығы жұмысшылар еңбегінің нәтижесі. Жаңа жол айрығы Тұңғыш Президент күні қарсаңында қала тұрғындарына жасалған үлкен сыйлық», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, ұзындығы 800 метр болатын эстакадамен көлік қозғалысы бүгіннен басталды. Қозғалыс бөлігінің екі жағында тротуарлар бар, энергия жинақтаушы шамдары бар жарық бағаналары орнатылған. Шығу сатыларын және айналаны абаттандыру жұмыстары жалғасуда.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56