^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 20 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы жаңарды
01 желтоқсан 2018

Алматыда ел Президентінің Жастар жылын жария етуі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды, олардың арасында денсаулық сақтау, мәдениет салалары мен бизнестің, спорттың жас өкілдері бар. Дәл сол күні Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жаңарған қоғамдық қабылдауын көрді.

«Кез келген қала, кез келген ел халықтан құралады. Алматы дегеніміз не? Бұл үйлер, жол айрықтары емес, адамдар. «Нұр Отан» партиясы туралы да осылай айтуға болады. Партия - бұл мүдделестер командасы. Бүгіннен бастап сіздер Президентіміздің серіктесісіздер. Біздің барлық жетістіктеріміз Мемлекет басшысының, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының есімімен тікелей байланысты. Елбасының кемеңгер саясаты арқасында партия 20 жыл ішінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосты. Партияның саяси Доктринасына сәйкес біздің басты қағидамыз - ашықтық. Сондықтан біз азаматтардың түрлі проблемаларын шешудің тиімді әрі ашық механизмі болып табылатын қоғамдық қабылдауды одан әрі дамыта береміз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Партияға мүше болғандардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы, дәрігер-кардиохирург әрі «Болашақ» бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов, шахматшы Жансая Әбдімәлік, нанотехнология және наноматериалдар докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы Гаухар Сымағұлова, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, өнертапқыш Айбек Рахим, жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр, журналистер Оксана Драчева мен Нұргүл Асанова, жас суретшілер орталығының жетекшісі Кристина Бекмұрзаева бар.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56