^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 23 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қаланың үздік педагогтарын марапаттады
01 желтоқсан 2018

Алматыда тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының қолдауы арқасында 117 оқу орындары салынды. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана мегаполисте білім саласын қаржыландыру 37%-ға өсті немесе 27 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың педагогтар қауымдастығымен кездесу кезінде айтты. Оның үстіне бүгінгі күні білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Тек биылғы жылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қаланың үздік педагогтарын салтанатты түрде ұлықтау барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясында білім және ғылым министрлігінің «Педагогтың мәртебесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдардың жобаларын дайындағанын атап өтті.

Кездесуді пайдаланған қала басшысы білім саласы ұйымдарының барлық педагогтарын және қаланың ата-аналар қауымдастығын аталған заң жобаларын талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

«Ең маңыздысы, Жобадан қазақстандық педагогтар өз жұмыстарының жоғары бағаға ие екенін, білім саласында туындаған барлық мәселелерге, оқушылар мен мұғалімдерге жете назар аударылатынын көрді. Сіздердің қаланың білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз өте жоғары, жауапты әрі қиындығы мол ұстаздық қызметтеріңізге алғыс айтамын. Оқушылардың түрлі білім сайыстарында биік жеңістерге жетуі әрі жеке кәсіби біліктілік жұмыстарыңыздың сапасын айқындай түседі», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері қарай жаңаша білім беруге кіріскен Алматы мұғалімдерінің 70%-ның жалақысы 30 пайызға өсті. Өз кезегінде 1 қыркүйектен бастап ұлттық кәсіби тестілеуден өткен 1293 мұғалім алғаш рет өздерінің қызметтік еңбекақысына 30 дан 50%-ға дейін қосымша ақы алатын болады.

Бұлардан өзге, мемлекет ағылшын тілін оқытатын мұғалімдерге қолдау көрсетуде. Міне, биыл екінші жыл физика, химия, биология мен информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қызметтік жалақыларына қоса 200%-дық көлемде қосымша ақы төленеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56