^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді
12 желтоқсан 2018

Алматыда «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды және 2019 жылғы қала бюджетіне бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Депутаттармен кездесу кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполис бюджетінің әлеуметтік сипатты сақтап қалатынын және Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Нұр Отан» партиясының Доктринасына толық сай келетін әр адамға қамқорлық қағидасына негізделген «Алматы-2020» қалалық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталатынын атап өтті.

«Халыққа қолдау көрсетудің нақтылы міндеттері айқындалған Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін 106 шарадан тұратын жалпықалалық бағдарлама қабылданды және қажетті ресурстар бөлінді. Біздің басты міндетіміз - Алматыны жайлы, қауіпсіз және өркендеген қалаға айналдыру. Айта кетерлігі, қалада маңызды шешімдердің барлығы «Нұр Отан» партиясының және мәслихаттағы депуттар фракциясының қатысуымен ғана қабылданады. Мысалы, депутаттар бюджеттік қаржыландыру көлемін ұлғайтуды, жергілікті мәні бар жолдарды орташа жөндеуден өткізуге мониторинг жүргізуді, сонымен қатар сирек кездесетін әрі орфанды сырқаттарға ұшырағандарға дәрі бөлу үшін мониторинг пен аудит жүргізуге қатысты комиссия құруды ұсынды», - деді Бауыржан Байбек.

Жиын барысында жетекші партия фракциясының депутаттары қалаға қосылған аудандарды сумен қамтамасыз етуге, жол салу мен оларды жөндеу жұмыстарына айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Қалаға қосылған аудандардан шағым көп түседі, өйткені, мұндағы инфрақұрылым қаланың орталығымен бірдей дамуды қажет етеді. Сумен қамтамасыз ету және кәрізді жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұлардағы кейбір жолдар жарамсыз болып қалған. Мұндағы тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере келіп, 1,8 миллиард көлемінде бюджеттік қаржы бөлуді сұраймыз», - деді мәслихат депутаты Рахман Алшанов.

Өз кезегінде фракция мүшесі Сергей Козлов елді мекендер тұрғындарынан көше жарығын жүргізді талап ететін шағымдар түсетінін де айтты.

«Экономика және бюджет жөніндегі комиссия төрағасы ретінде Экономика басқармасымен бірге алдын-ала есептеулер жүргіздім, нәтижесінде бірқатар аудандардың, соның ішінде Алатау және Наурызбай аудандарының көшелерін жарықтандыру үшін 808,3 млн. теңге қажет», - деді ол.

Бұлардан өзге, депутаттық фракция мүшелері қарт адамдарға қолдау көрсету, оларға дұрыс демалыс ұйымдастыру, «Дархан», «Заря Востока», «Рахат-Мадениет», «Трудовик» ықшам аудандарында мектептер салу сияқты маңызды мәселелерді көтерді. «Нұр Отан» партиясының мүшелері аутизм, балалардың церебралды сал ауруына, Даун синдормына шалдыққандарға, психикалық жағынан жетілуі және тілінің шығуы қиын балаларға ерекше қамқорлық көрсету үшін қаржы бөлуді сұрады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды »»
24 тамыз 2019 - 19:46
Партияның Алматы филиалында партияның Саяси кеңесінің мүшесі, АҚФ төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.   Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партияны қайта жаңғырту туралы Саяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы мәселелері қаралды. Саяси Кеңесте Б. Сағынтаев азаматтардың партиямен және атқарушы органдармен диа...
Көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде »»
24 тамыз 2019 - 18:53
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық полиция департаменті криминогендік жерлердің картасын әзірледі.   Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар. ПД-нің мәліметінше аса қауіпті 148 криминогендік учаске анықталған. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп. 2019 жылдың соңына дейін 83-тің 22 көшесіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекен-жай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқ...
Қала басшысы Алматыны дамыту жоспарымен бөлісті
23 тамыз 2019 - 16:55
Бүгін, 23 тамызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті.     Кездесу кезінде қала басшысы «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша мегаполисті дамытудың жоспарларымен бөлісті: ауданда жаңа емхана салынады, полицияның тәулік бойына жұмыс жасайтын жылжымалы пункті болады, 200 жаңа автобус алынады, троллейбустар саны артады. Қала әкімі түйткіл мәселені көтерді, автобус жүргізушілері біліктілігінің төмен екенін атап өтті. Еңбекпен қамту да көкейкесті мәселе...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56