^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды
13 желтоқсан 2018

Алматыда орта білім беретін мекемелердің 100-ден астам мұғалімдері қатысқан «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды.

№159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова Алматының «Үздік мұғалімі» атанды, оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдің кілті тапсырылды. №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға дипломдар мен 500 және 300 мың ірі теңгелік сертификаттар табыс етілді. Ұстаздар арасында мұндай байқау өткізудің бастамашысы- жергілікті кәсіпкер Мұрат Әділханов, ол «Туған жер» бағдарламасы аясында осы оқу мекемесін салып берген еді.

«Мемлекет басшысының қолдауы арқасында Алматыда 117 оқу орындары салынды. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру мегаполисте 37%-ға немесе 27 млрд. теңгеге өсті. Қазіргі кезде білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Тек биылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Мен сіздерге барынша жауапты әрі қиын жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Ұстаздардың жұмыс сапасы оқушыларының түрлі байқауларда жеңімпаз атануымен және өздеріңіздің жеке кәсіби біліктіліктеріңізбен айқындалады», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысында бюджет қаржысы есебінен қалада тағы да 8 жаңа мектеп салынады.

Жыл басынан бері жаңарған әдіспен дәріс беруге көшкен Алматы мұғалімдерінің 70%-ының жалақысы 30%-ға өсті. Ұлттық тестілеуден өткен 1293 мұғалім 1 қыркүйектен бастап алғаш рет өздерінің қызметтік жалақысына 30 дан 50%-ға дейін қосымша үстеме алатын болады.

Бұдан өзге, мемлекет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге қолдау көрсетуде. Биыл міне, екінші жыл физика, химия, биология,информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға өздерінің қызметтік жалақысының үстіне 200%-дық көлемде қосымша ақы төленеді.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56