^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 1 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды
13 желтоқсан 2018

Электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады. Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.

Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе «Оңай» қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады.

Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің шет аймақтарын орталықпен байланыстыратын жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді.

Мысалы,«Мадина» ЖШС Yutong маркалы 12 төмен еденді автобустар алған, көліктер №72 бағытына қызмет көрсетеді. Киікбай» ЖШС №13 бағыттағы автобустарды жаңартты. Яғни, ISUZU маркалы 20 төмен еденді көлік алынды.

Мегаполис басшысы бірінші кезектегі міндет автобустар паркін жаңарту болғанын, сондықтан 3 жыл ішінде 1100-ден астам көлік бірлігі алынғанын, ал ендігі міндет қалалықтарға сапалы қызмет көрсету екенін атап өтті.

«Сапалы қызмет көрсетіп, автопаркті жаңартқан тасымалдаушылар ғана субсидия алатын болады. Субсидия бөлу жөніндегі келісімде сапаға бақылау қойылатындығы әрі кемшіліктер орын алса айыппұл салынатыны нақтылы көрсетілген. Тек 9 ай ішінде ғана қозғалыс жиілігін сақтамаған тасымалдаушылар 330 млн. теңге субсидиядан қағылды» - деді Бауыржан Байбек.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 17:14
Карантин кезінде уақытша жабылуға жатпайтын Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындары үшін рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне толықтырулар енгізілді. 2020 жылдың 31 наурызы мен 6 сәуір аралығында карантин кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін анықтама үлгілері анықталды.   Алматыда карантин шараларын күшейту туралы...
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 №2 үл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56