^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 23 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы полициясы автокөлікпен және электронды хаттама толтыру үшін планшеттермен толық қамтамасыз етілді
14 желтоқсан 2018

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірісте шығарылған әрі газбен жұмыс істейтін 70 жаңа автомобильдерді көрді. Қазіргі кезде қала полициясының автопаркі көлікпен толық қамтылған, ал бұл ведомстваның жедел жұмысына оң ықпалын тигізетін болады.

Қала полициясының бастығы Серік Күдебаев өзінің сөзінде әр автомобильдің GPS-навигаторымен және видео-аудио фиксациялармен жабдықталғанын айтты. Бұдан өзге, барлық жол-патруль қызметі планшеттермен және төскеуделік видеорегистраторлармен қамтылған. Осының арқасында хаттамалар тек электронды вариантта жасалады, ал келер жылдың бірінші тоқсанында айыппұлдар тәртіп бұзылған жерде банкі картасы арқылы бірден төленеді.

Мегаполис әкімі тұрғындардық қауіпсіздігі қаламызды тұрақты дамытудың басты буыны болып табылатынын атап өтті.

«Қазіргі кезде біз қауіпсіздік саласына информатизацияны кеңінен тартудамыз, яғни сыбайлас жемқорлыққа әкелетін адам факторын барынша азайту үшін жаңа технологияларды енгізудеміз. Видеобақылау камераларының саны артуда, мақсат айыппұл салуда ғана емес, көлік қозғалысын тәртіпке шақырып, ЖКО азайтуда. 3 жыл ішінде қаланың жергілікті бюджетінен полицияны жабдықтауға жеткілікті қаржы бөлінді, сондықтан біз сервистік принцип бойынша полициядан жұмыс тиімділігін арттыруды талап ете аламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Жалпы қала полициясының материалдық-техникалық жарақтануы 87%-ға дейін жетті. Соңғы үш жыл ішінде 468 бірлік қызметтік көлік алынды. Қаланың барлық аудандарында жергілікті бюджет есебінен мөлдір фронт-офистер ашылады. «102» қызметі жетілдіріледі, қазіргі кезде бұлардағы операторлар саны 2,5 есе, ал олардың жалақысы 3 есе өскен.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қарағайлы өзеніне жақын орналасқан ықшам аудандар тұрғындарына ауыз су беру реттелді »»
22 тамыз 2019 - 15:03
22 тамызда Наурызбай ауданының Құрамыс, Таусамалы, Карағайлы елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді.   Қарағайлы өзенінің суы тұндырылды, осының арқасында фильтрлі станцияның жұмысы реттелді. Қазіргі кезде су залалсыздандырылып, барлық кешенде дайындық жұмыстары жүруде. Коммуналды қызметтер өзен арнасын , фильтрлер мен құбырларды тағы бір рет тазартып шықты, су желілері жуылды. Тұтынушылардың барлығына су бір күн ішінде берілетін болады. Қазір су қысымы қалпына келтірілуде. &l...
«Жібек жолы – диалог жолы»
22 тамыз 2019 - 15:48
Алматыда осындай атаумен экспедиция жолға шығады.   Оңтүстік астанада «Жібек жолы – диалог жолы» атты халықаралық көпкүндік экспедиция жолға шығады. Экспедицияны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы Комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ. Бүгін Visit Almaty туристік ақпарттық орталықтың алаңында экспедицияға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Спикерлер - «Kazakh Tourism» ҰҚ»...
Алматыда жастардың «Central Asia Youth Festival» I Орта Азиялық фестивалі өтуде »»
22 тамыз 2019 - 14:22
Фестивальдың ашылу сәтінде ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов құттықтау сөздерін айтты.   «Бүгінгі күні адами капитал – ұлт жетістігінің басты факторы.Фестивальдің шабыт беретін, нақтылы бағытты айқындайтын алғашқы қарлығаш жәнесіздердің әрқайсыларыңыздың бейбітшілік пен келісімнің ұйтқысы екендіктеріңізге сенімдімін. Біздің фестиваль – бұл тек алғашқы қадам ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56