^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды
14 желтоқсан 2018

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді.

Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықтары бар медициналық мекеме Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Қарағайлы, Құрамыс және Қарғалы сынды елді мекендердің 30 мыңға жуық тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

«Алматыда денсаулық сақтау саласының ашықтығы мен сапасын арттыру үшін пәрменді шаралар қабылданады. Осыған орай, қажетті Жол картасы жасалды. Қазірдің өзінде цифрландыру арқасында сырқаттарға қызмет көрсету уақытын 20%-ға, кезек күтуді 30%-ға қысқартуға, дәрігерді үйге шақыруды 1,5 есе жеделдетуге қол жетті», - деп атап өтті ол.



Дәл осы күні Бауыржан Байбек «Саялы» ықшам ауданындағы қазақша дәріс беретін 320 орынды №186 бала бақшада болды. Мектеп жасына дейінгі мекемеде 16 топ бар. Оның әрқайсысында баланың жасына қарай оқытудың өзіндік әдістері - Монтессори, Дьенеш блоктары, құм терапиясы және басқалары қолданылады. Балдырғандарды қабылдау 19 желтоқсаннан басталады. Өтініштер «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы арқылы жүргізіледі.

Айта кетерлігі, 10 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 430 млрд. теңге жұмсалды, 30 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, 2,7 млн. кв.м.тұрғын үй салынды, 12 мектеп, дәл осыншама медициналық мекемелер, 98 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды.

Өз кезегінде соңғы үш жыл ішінде Наурызбай ауданында бес медициналық мекеме, екі мемлекеттік мектеп, екі мемлекеттік және 65 жеке бала бақшалар салынды. Ауданның әкімшілік-іскерлік орталығы бой көтерді, мұнда аудандық әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқалары орналасқан.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны екі айға созылады »»
16 қыркүйек 2019 - 18:01
15 қыркүйекте Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны басталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі кампания екі айға созылмақ. Биыл тіркеу eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.   Тіркеу процесінің автоматтандырылуы азаматтарды емханаға «сырттай» тіркеу фактілерінің алдын алуға көмектеседі. ...
«Қазақфильм» киностудиясында қазақ киносының музейі ашылды »»
16 қыркүйек 2019 - 17:16
Бүгін, 2019 жылдың 16 қыркүйегінде Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында Ш. Айманов атындағы қазақ киносының музейі салтанатты түрде ашылды.   Мұнда құнды мұрағаттық экспонаттар жинақталған, олардың арасында аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы, қазақ кинематографистерінің классигі Шәкен Аймановтың жеке заттары мен коллекциясы, кинофильмдер кейіпкерлері киген ерекше костюмдер және басқалары бар. Музейдің басты мақтанышы – Шәкен Кенжетайұлы Аймановты...
Fitch Ratings Алматыға кредиттік рейтингін берді
16 қыркүйек 2019 - 16:02
Алматы әлемнің үш ірі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі Fitch Ratings ұсынған Қазақстанның тәуелсіз рейтингі деңгейінде "BBB" халықаралық кредиттік рейтингіне ие болды.   Соңғы бес жылда Алматы қаласының экономикасына, бюджетіне және кредиттік бейініне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Fitch "BBB" (инвестициялық деңгей) деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының (IDR) ұзақ мерзімді рейтингін және "BBB+" деңгейінде автономды несиелік бейін (SCP)...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56