^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 22 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының орталығында алғашқы мемлекеттік «Almaty Gallery» көркем сурет галереясы ашылды
26 желтоқсан 2018

Мемлекеттік «Almaty Gallery» көркем сурет галереясының алғашқы экспозиясы ретінде Мемлекет басшысының таяуда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен үндестік тапқан Санжар мен Жанель Жұбановтардың «Номад жүрегі» көрмесі ұсынылды.

Көркем суреттерде жаңа формат идеялары қалыптасқан, мұнда «алмалы қала» тұрғындарының портреттері, тасқа ойылып жасалған бейнелер, жұлдызды графиканың кереметі, номад поэзиясының құдыреті сайрап тұр.

«Біздің халқымыздың тарихында өнерде, ғылымда өздерінің соңынан өшпейтін із қалдырған әулеттер жетерлік Мәселен, Әуезовтар, Сәтпаевтер, Серкебаевтар, Тілендиевтер әулеттері. Солардың бірі – Жұбановтар әулеті. Мен мәдени орталықтың құрылғанына өте қуаныштымын, енді біздің суретшілеріміз, өнер қайраткерлері мен жас дарындар өз шығармаларын тек қала тұрғындарына ғана емес, ару қаламыздың қонақтарына да көрсете алады. Біз бұдан былай да мәдениет пен өнерді дамыту үшін барлық жағдайды жасаймыз әрі халқымыздың өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрін насихаттайтындарға қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жаңа мәдени мекеме басшысы Кристина Бекмұрзаева өзінің сөзінде алғашқы мемлекеттік «Almaty Gallery» көркем сурет галереясының мәдени тұғыр екенін, оның шығармашылықтың жекелеген бөліктерін қамтитынын әрі интерактивті түрде жинақталатын заманауи мобильді және академиялық көрме кеңістігі екенін айтты.

«Алматының Қазақстанның ұлттық живопись мектебінің орталығы атануы тегін емес, мұнда заманауи көркем сурет процессінің барынша жарқын және қызықты қырлары шоғырланған. «Almaty Gallery» – бұл жас дарындарды, шығармашылықты енді ғана қолға алған шеберлерді қолдау орталығы. Бұл шығармашылық тандем және ұрпақтар үндестігі, енді аты аңызға айналған суретші өз өнерімен бөлісіп, өзінің ісін өскелең ұрпаққа бере алады. Барлық стенділер мен экспозициялар, жарықтың берілуі өте мобильді, әрі суретшінің толық мүмкіндігін көрсете алады. Оның үстіне, бұл - ашық алаң, түрлі кездесулер және қайырымдылық пен басқа да мәдени шараларды өткізуге болады», - деді ол.

Айта кетерлігі, «Рухани жанғыру» аясында Алматыда тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары қарқын алуда. Қала басшылығы Райымбек батыр мавзолейін реконструкциялауды, «Этноленданы» қалыптастыруды, Розыбакиев көшесі бойындағы қорғанды музейфикациялауды және сонау темір дәуірінің жұрнағы ретінде қала аумағында сақталып қалған жалғыз ескерткіш – Боралдай сақ қорғандарының ашық аспан астындағы музейі құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы агломерациясының тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды »»
21 қаңтар 2019 - 14:24
Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның «Master Concept» компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады. Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады, оның ішінде Турген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең. «Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірд...
Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады »»
18 қаңтар 2019 - 13:32
Мұндай хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс. Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар жүре бастады.BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, б...
Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13