^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 25 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарады
27 желтоқсан 2018

Қалада көлік реформасы аясында жылжымалы составты жаңарту және бағыттар желісін көбейту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек №141 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

Бағыт бойынша 12 метрлі төмен еденді автобустар жүреді, олардың барлығы кондиционерлермен, еңкейгіш жүйесімен жабдықталған және Евро-5 экологиялық сыныбына сай.

Жаңа автобустар биылғы жылдың 30 желтоқсанында жолға шығып, Айнабұлақ ықшам ауданы мен «Мост» аялдамасының арасын қамтиды. Бағыттың барлық жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген. Киімнің қысқы варианты шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, свитшот немесе пуловерден және жылы курткадан тұрады.

Жалпы, биылғы жылы қала бойынша 479 жаңа автобустар алынды, келер жылы тағы 600 автобус алу жоспарланған, олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынуда.

Еске салсақ, бұрындары BRT желісі аялдамаларында пайда болған алғашқы электронды таблолардан бағыт нөмірі және қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы актуалды хабарламаны оқуға болатындығы айтылған еді. Бұл жоба да бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады »»
19 маусым 2019 - 14:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа болашақта орнатылатын ескерткіштердің эскиздерімен танысты. Барлық жобаларды комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды. Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл аяғына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал, қазақтың аты аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлері...
Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды »»
19 маусым 2019 - 13:46
Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасы...
Алматыда түлектердің жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі өтті »»
18 маусым 2019 - 18:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі барысында мектеп бітіруші түлектерді аттестат алуларымен және «Алтын белгі» иелерін құттықтады. Мегополисте биылғы жылы орта мектепті 8250 түлек бітірді, олардың ішінде «Алтын белгі» алғандар – 478 оқушы. «Сендердің білімге деген құштарлықтарың, табанды әрі ерен еңбектерің жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағалануда. Араларыңда оқушылардың республикалық, халықаралық олимпи...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13