^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 25 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды
11 қаңтар 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді.

Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылатын фронт-офистердің ашылуы арқасында күту уақыты 2-3 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарды және тыйым салынған заттарды алып өту мүмкіндігі барынша азайды.

«Қазіргі кезде біз Алматы аумағында инфрақұрылымдық жағдай жасауға күш салудамыз. Мемлекет басшысы айтқандай, есеп беру, ашықтық және сервистік бағыт болғаны жөн. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде қаржы іздестірудеміз, прокуратура және полициямен бірге цифрландыру бойынша жұмыс істеп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудамыз. Мұнда жазасын өтеп жатқандарға дұрыс жағдайлар жасалуы тиіс. Олармен жақындары мен адвокаттар кездесуге келгенде барлығы ыңғайлы болғаны жөн. Енді келушілер далада көп күтіп тұрмайды, өйткені электронды кезек бар. Мекемеге дейін келетін үш автобус бағыттары ұзартылды, ал көктемде айнала абаттандырылатын болады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы тәулік бойына жұмыс жасайтын алғашқы фронт-офисті де көрді. Мемлекет басшысының бұқарамен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қаланың барлық аудандары полицияларының жанынан фронт- офистер ашу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев өзінің сөзінде жаңадан ашылған фронт-офистер азаматтар үшін өте ыңға йлы екенін, олардың бұрынғыдай көшеде ұзақ тұрмайтынын, бірнеше тексеру пункттері мен кабинеттерден өтпейтінін айтты. Өтініштерді және басқа да құжаттарды қабылдау үшін небәрі 15-20 минут кетеді әрі мұнда процессуалды прокурор тұрақты болады.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек «Жетісу-Семиречье» сауда үйі базасында ашылған автомобилистердің арнайы ХҚКО-ның жаңа бесінші бөлімшесін тексерді. Соңғы жылдары Алматының арнайы ХҚКО жүктемелерінің 5 есе артуына орай бұрындары қала әкімдігі Жетісу және Наурызбай аудандарында қосымша бөлімшелер ашу туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кетерлігі, осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысы барысында қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеті бағытын атап өткен болатын. Олар - полицияны материалдық-техникалық жабдықтау, цифрландыру, қоғамдық кеңістіктің қауіпсіздігі, «көлеңкелі экономикамен» күрес, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігі, қылмыстың болдырмаудың пәрменді шаралары.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады »»
19 маусым 2019 - 14:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа болашақта орнатылатын ескерткіштердің эскиздерімен танысты. Барлық жобаларды комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды. Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл аяғына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал, қазақтың аты аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлері...
Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды »»
19 маусым 2019 - 13:46
Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасы...
Алматыда түлектердің жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі өтті »»
18 маусым 2019 - 18:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі барысында мектеп бітіруші түлектерді аттестат алуларымен және «Алтын белгі» иелерін құттықтады. Мегополисте биылғы жылы орта мектепті 8250 түлек бітірді, олардың ішінде «Алтын белгі» алғандар – 478 оқушы. «Сендердің білімге деген құштарлықтарың, табанды әрі ерен еңбектерің жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағалануда. Араларыңда оқушылардың республикалық, халықаралық олимпи...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13