^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 21 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Ресейдің, Өзбекстанның, Франция мен Оңтүстік Кореяның бас консулдарымен кездесті
22 қаңтар 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ресейдің, Өзбекстанның, Франция мен Оңтүстік Кореяның бас консулдарымен екіжақты бірқатар кездесулер өткізді.

Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобровпен кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Ежелден Ресей Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қалалары мэриялары арасында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орныққан. Алматы мен көрші ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде. Тек соңғы жылдың өзінде көрсеткіш 12%-ға артқан.

Көрші Өзбекстанмен де экономикалық қарым-қатынаста позитивті динамика орын алуда. Өткен жылдың 9 айы ішінде бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 47,8%-ға өсіп, 281,6 млн. АҚШ долларын құраған.

Өзбекстанның бас консулы Аброр Фатхуллаев өзінің сөзінде келтірілген цифрлардың тараптар арасындағы сенім мен серіктестік ынтымақтықтың жоғары деңгейін көрсететінін айтты. Сонымен қатар, Алматыдағы орталық көшелердің біріне Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың аты берілгені үшін Қазақстан Республикасына ерекше риза екенін жеткізді. «Бұл екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтудың маңызды кезеңі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Францияның бас консулы Алексис Шахтахтинскимен және Оңтүстік Кореяның бас консулы Ким Хын Сумен жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және туристік кластерді дамытуда тәжрибе алмасу мәселелерін талқылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56